Республикалық «Зерде» конкурсының жүлдегерлерін құттықтаймыз!

2015 жылғы 29 - 30 қаңтарда Щучинск қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 1-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» атты іздену жұмысы және ғылыми жобалардың республикалық конкурсы өтті. Павлодар облысынан конкурстың қорытынды кезеңіне 16 оқушы өтті. Конкурстың қорытындысы бойынша біздің гимназияның 5 сынып оқушылары Успанова Аймира мен Жандарбек Акрам ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Кадырбаева Гүлжахан Раиимовна. Жүлдегерлерді және олардың жетекшісін құттықтай отырып, әлі де талай шыңдарды бағындыруларына тілектеспіз!