
Ақпан айының 2 мен 12 аралығында гиманзияда дәстүрлі «Өзін-өзі тану: Мейірімділік пен махаббат педагогикасы» атты онкүндік өткізілді. Онкүндік 2 ақпан «Мейірімділікке бастар ғажайып әлем» атты концерттік бағдарламасымен басталды. Бастауыш 2 сыныптың оқушылары «Саңырауқұлақ саясында» атты көрініс арқылы достықтың ғажайып күшін көрсете білсе, 3-6 сынып оқушылары ағылшын тілінде мейірімділіктке шақыратын шағын қойылымды қойды. «Жас талап» ансамбілі домбырашылары әсем күйімен, «Айгөлек» бишілер мың бұралған биімен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлай білді. Ал бағдарламаны жүргізген Сүйкімді перизат, Жалқаубек және мейірімділілк елінің балалары концерт бойы өздерінің мейірімділік еліндегі балалардың жақсы қасиеттерін, бір-біріне деген қамқорлығын жеткізді. Концерттік бағдарлама Әлімжанов Әлібектің орындауындағы «Достарым» әнімен аяқталды. Барлық қатысушылар мейірімділік пен махаббаттың сиқырлы күшін сезініп, өздерін жақсы істердің кейіпкері ретінде достық әлемінде жүргендей сезіне алды. Сондай-ақ онкүндік барысында бастауыш сыныптар арасында «Жылы жүрек-жақсы тілек» атты адамгершілік сағаттары, «Құлақтан кіріп, бойды алар...» атты мәнерлеп өлең оқу және «Мен бақытты баламын», «Дос болайық бәріміз» атты тақырыпта суреттер байқауы өткізілді. Оқушылар өзін-өзі тану пәнінде жасап, әзірлеген жүрекшелерін барлық мұғалімдерге сыйлап, ізгі тілектерін білдірді. Мейірімділік пен махаббат онкүндігі оқушылар бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың тамаша мүмкіндігі болды.