Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге.
19-02-2015 11:34
Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге.

2015 жылдың 12 ақпан күні  гимназия кітапханасында «Ең үздік оқырман сынып» сайысы өтті. Сайысқа 6-7 сынып оқушыларынан құрылған  4 команда қатысты. Сайыс «Бір кітапқа презентация», «Кітап туралы өлеңді жатқа айту», «Жазушылар мен олардың шығармаларын сәйкестендіру», «Ертегілер сыр шертеді», «Бір зат, бір шығарма» атты бөлімдерден тұрды. Оқушылар «Бір кітапқа презентация» бөлімінде өздері сүйіп оқыған «Менің атым-Қожа», «Өгей бала», «Жусан иісі» шығармаларын презентация арқылы көпшілік назарына ұсынса, мәнерлеп өлең оқу бөлімінде М.Әлімбаевтың «Кітап туралы ой», «Кітап біздің досымыз» атты өлеңдері оқылды. «Бір зат, бір шығарма» бөлімінде оқушылар берілген суреттер бойынша шығарма мен оның авторын анықтауға атсалысты.

Кітапханашы: Ж.Жармағамбетова