«Үздік білім беру бағдарламалары және әдістемелік әзірлемелер» сырттай байқауы

12.12.14 - 23.01.2015 аралығында Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарындағы педагогтердің арасында «Балалардың азаматтық белсенділігін тәрбиелеу» тақырыбында «Үздік білім беру бағдарламалары және әдістемелік әзірлемелер» Республикалық сырттай байқауы өткізілді. Байқаудың қорытындысы бойынша «Методикалық әзірлемелер» номинациясы бойынша гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Бекбасова Бахтула Шариповна І-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!