Республикалық ғылыми жоба сайысының жүлдегерлерін құттықтаймыз!

2015 жылғы ақпанның 18-21 күндері аралығында Алматы қаласында республикалық ғылыми жобалар конкурсы өткізілді. Осы сайысқа гимназиядан 4 оқушы қатысып, жүлделі орындарды иеленді: 11 сынып оқушылары Успанова Айгерім, Амиргалиева Мадина ІІ орын, Жолдас Азамат ІІІ орын. Жетекшілері: құқық және экономика пәнінің мұғалімі Сыздыков Азамат Жанайдарұлы. 10 сынып оқушысы Ибрайкина Айсара Дарын грамотасымен марапатталды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дүйсембаев Әскербек Құлтайұлы. Гимназияның жас ғалымдарының бұл жетістігіне шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!