Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘН БІРЛЕСТІГІНІҢ АПТАЛЫҒЫ. 2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫ
26-02-2015 09:50
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘН БІРЛЕСТІГІНІҢ АПТАЛЫҒЫ. 2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫ

«Жаратылыстану» пән бірлестігінің 2014-2015 оқу жылы 19.01.-24.01 аралығындағы апталық өткізу жоспары

Р/с

     Өткізілетін іс-шаралар

Жауапты пән мұғалімі

Сыныбы

Өткізу мерзімі

1.

Металдар тақырыбына жалпы шолу

Ерхасова Қанипа Боранбайқызы

10 с

19.01. 5сабақ

2.

Экономика пәнінен олимпиада

Сыздыков Азамат Жанайдарұлы

8-11 с

20.01. 15.30-16.15

3.

Халықаралық   экономикалық    интеграция

Алиаскарова Анара Толеутаевна

10с

21.01. 2 сабақ

4.

Бунақденелілердің  шөпқоректі, жыртқыш, паразиттік және аса паразиттік өкілдері. Олардың биоценоздық және практикалық маңызы

Турганбекова Айгүл Токтамысовна

22.01. 6 сабақ

5.

Интеллектуалдық  сайыс

 «Биология  білгірлері»

Муханова Умут Кабиденовна

6-10 с

22.01. 7 сабақ

6.

Мектепішілік  семинар   «Дарынды қабілеті бар балаларды жеке бағытта  оқытудың   тиімді жолдары»

Сыздыков Азамат Жанайдарұлы

мұғалімдерге

23.01. 15.30-16.15

7.

Мемлекет   және    оның   қоғамдағы    ролі

Сыздыков Азамат Жанайдарұлы

24.01. 3сабақ

 

19-24.01.15  жаратылыстану  пәндерінің апталығының қорытындысы

19-24.01.15  жаратылыстану  пәндерінің апталығының қорытындысыГимназияда 2015 жылдың 19-24 қаңтар  аралығында жаратылыстану пәндерінің апталығы өтті. Апталықта  іс-шаралар жоспарлы түрде өткізілді. 20 қаңтар 10-сыныпта «Металдар тақырыбына жалпы шолу» химия сабағы өтті. Пән мұғалімі Ерхасова Қ. Б., экономика пәнінен 8-11сыныптар арасында олимпиада өткізілді, пән мұғалімі Сыздыков А.Ж. Іріктеу турынан жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар: Қабылда Әлібек, Успанова Айгерим 11сынып, Асқарбек Әділ 10 сынып, Болатбай Әділ 8 сынып. 21 қаңтар 10-сыныпта географиядан «Халықаралық   экономикалық    интеграция» атты ашық сабақты  Алиаскарова А.Т.  өткізді. 22 қаңтар 7а-сыныбында «Бунақденелілердің  шөпқоректі, жыртқыш, паразиттік және аса паразиттік өкілдері. Олардың биоценоздық және практикалық маңызы» атты ашық сабақты биология пән мұғалімі Турганбекова А.Т. өткізді. Сабақта 7 модуль кіріктіріліп, оқушының ақыл-ойын кеңейтуге, танымдық қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған  түрлі әдіс тәсілдер Блум таксономиясы бойынша сабақтың әр кезеңінде тиімді пайдаланылды. Оқушылар жергілікті жерде жиі кездесетін бунақденелілердің түрлі топтарын зерттеп, биоэкологиялық ерекшеліктерін ажырата білді, бағалау критерийлері бойынша  оқушылардың өзін-өзі бағалауы тиімді жүргізілді. 22.01. оқушылардың  ой-өрісін арттыру,  пән бойынша алған білімдерін  қолдана білуін, дағдысын, шығармашылық қабілеттерін дамыту және командада топпен, ұжыммен жұмыс істей білуге баулу мақсатында  6-10 сыныптар арасында   «Биология  білгірлері» атты интеллектуалдық  сайыс өткізілді. Жауапты Муханова У. К. Сайыста  10 сынып оқушысы Ермек Әділеттің командасы жеңіске жетті. Команда құрамы: Аманжолова Адина 6а, Жандарбек Жақан 9а, Боранбай Бихан 8, Жакенова Дария 9ә, Аждарова Ұлжан 7ә сынып оқушылары. Сайысты жүргізуге белсене қатысқан 10 сынып  оқушылары: Қабылбекова Айым, Қайыржан Санжар, Асқарбек Әділ. Апталық кезінде өткізілген іс-шаралар арқылы мұғалімдер оқушылардың осы пәндерден  терең білімдерін, ұшқыр ойларын дамыта түсті, оқушылар  ұжыммен жұмыс істеу қабілеттерін жетілдірді, тапсырмаларға  жылдам, дұрыс  жауап беріп, жаратылыстану  пәндеріне деген  көзқарастарын ауқымды білімдерімен көрсете білді, өз ойларын  еркін жеткізе білуге дағдыланды. Жаратылыстану пән апталығы  «Дарынды қабілеті бар балаларды жеке бағытта   оқытудың   тиімді жолдары» атты мектепішілік  семинармен аяқталды. Мұғалімдерге  экономика және құқық пән мұғалімі  Сыздыков А. Ж. «Нәтижеге жету үшін жұмысты қалай ұйымдастыру керектігі туралы» өз ойымен бөлісті. Семинар соңында мұғалімдерге қандай сайттармен жұмыс жасауға болатындығы туралы нұсқау берілді. Апталық барысында жоспарланған іс-шараларға мектеп әкімшілігі  мен бірлестік пән мұғалімдері қатысып, сабақтарға талдау жасалды және әдістемелік тұрғыда ұсыныстар жасалды.

                  Жаратылыстану ӘБ жетекшісі: Муханова У.К.