Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
ҰОС ардагері Саламбеков Хамит Саламбекұлы
03-03-2015 12:36
ҰОС ардагері Саламбеков Хамит Саламбекұлы

Саламбеков, Хамит Саламбекұлы 1922 жылы 15 желтоқсанда Павлодар қаласында дүниеге келген еді. М.Горький атындағы орта мектепті  1941 жылы аяқтағаннан кейін Қиыр Шығысқа әскери қызметке шақыртылады. Сол жақта В.Котельников атындағы шекара бекетінде командир, политрук орынбасары  міндетін атқарған еді.

1943 жылы Тула түбінде шекара әскері құрама снайперлер взводында шайқасты. 5-8 тамыз аралығында  жапон шекара пикетін талқандауға  қатысып, 13 тамыз бен 26 қыркүйек аралығында 58 шекара отрядының құрамында, Манчжурияның қиыршығыс майдан әскерінің тылын қорғауға қатысты. 1948 жылы Хамит Саламбеков елге оралып, өз қызметін бастады. Алғашқы еңбек жолын Павлодар қалалық партия комитетінің инструкторы, кейін  облыстық партия комитетінің комиссия құрамында бастап еді. 1956 жылы Алматы қаласындағы партияның орталық комитеті құрамындағы партияның үшжылдық мектебін аяқтап, сол жылы партияның Лебяжі ауданы комитетінің екінші хатшысы қызметіне тағайындалды. Одан кейін де партияның Павлодар облыстық комитетінде қызметке қайта келіп,1958 жылы Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесіне қатысқан еді.  1961 жылы партияның Май ауданы комитетінің екінші хатшысы қызметіне тағайындалды. Осы жылы зооветеринар техникумы мен  Павлодар қалалық партия комитеті қарамағындағы  марксизм-ленинизмнің  кешкі университетін аяқтайды. Содан кейін Май және Ермак (қазіргі Ақсу) аудандарын біріктірген кезде, Хамит Саламбеков, Ермак (қазіргі Ақсу)  аудандық  ауылшаруашылық басқармасының  партком секретарінің орынбасары қызметіне тағайындалады.  Ал 1965 жылдың қаңтар айынан бастап  Ермак (қазіргі Ақсу) ауданының халық депутаттар кеңесі председателінің орынбасары болып, кейіннен Ермак (қазіргі Ақсу) ауданының халықтық бақылау комитетінің председателі болып қызмет етеді. Советтік Бейбітшілік қоры жұмысына белсенді қатысып, Құрмет медалімен марапатталды. Бірнеше рет Ермак (қазіргі Ақсу) аудандық халық депутаттары кеңесіне депутаттыққа сайланып, облыстық, аудандық партия конференцияларының, Қазақ ССР-і республикалық суда құтқару III съезінің делегаты ретінде қатысқан еді .

1992 жылы 27 ақпанда аудандық халықтар депутаты кеңесінің Х сессиясы шешімімен  Саламбеков Хамит Саламбекұлына  "Ақсудың құрметті азаматы" атағы беріледі. Ал 1983 жылы ол құрметті зейнеткерлікке шығады.

Республикалық деңгейдегі дербес зейнеткер, соғыс ардагері Хамит Саламбеков 1995 жылы 14 сәуірде өмірден озды.

2010 жылдың 17 сәуірінде ардагер Хамит Саламбеков өмірінің соңғы жылдары тұрған үйде мемориалды тақта орнатылды.

Марапаттары:

  • II дәрежелі  "Отан соғысы" ордені
  • "За боевые заслуги" медалі
  • "1941-1945 жылдары  Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" медалі
  • "За победу над Японией" медалі
  • "За трудовое отличие" медалі
  • "Еңбек ардагері" медалі
  • "Советтік Бейбітшілік қоры белсендісі" кеуде белгісі
  • "Ақсудың құрметті азаматы" атағы