
Ақпанның 23-28-і аралығында гимназияда Бастауыш сыныптар әдістеме бірлесітігінің апталығы өтті. Апталықтың бірінші күні бастауыш сынып мұғалімі Аманжолова С. Г. ұйымдастыруымен 3-ші сыныптар арасында қазақ тілі пәнінен мектепішілік олимпиадасы өткізілді. 24-ақпанда «Балабақшамен байланыс» қалалық семинары өтті. Семинарға Ақсу қаласында қазақ тілді балабақша тәрбиешілері қатысты. 1-ші сынып мұғалімдері Кадырбаева Г.Р. және Амренова А.Б, хореография мұғалімі Зембаева Д.Н. ашық сабақтар көрсетті. Оқу ісінің меңгерушісі С.С. Джамалбаева және мектеп психологі Шаймарданова Н.Т. оқушылардың интеллектуалды даму деңгейлері бойынша зерттеулерімен бөлісті.
25-ақпанда мұғалім М.С. Елубаеваның ұйымдастыруымен «Математика» пәнінен мектепішілік олимпиада өтті. 26-ақпанда мұғалім Аубакирова А.И. «Ескен Елубаев ертегілері» атты әдеби ертеңгілік өткізді. 27-ақпанда мұғалім Жақсыбекова М.Ж. «Қадыр Мырзалиев – жалынды ақын» атты ауызша журнал ұйымдастырды. 28-ақпанда мұғалім Омарова А.Р. "Т.Молдағалиев шығармалары" атты ертеңгілік өткізді. Ертеңгілік соңында апталық қорытындысы шығарылды.
3-ші сыныптар арасында қазақ тілі пәнінен мектепішілік олимпиадасының қорытындысы
I орын - Серикпаева Камила, 3а сынып
IІ орын - Кабиденова Томирис, 3ә сынып
IІІ орын - Малибекова Дильназ, 3а сынып
Математика пәнінен мектепішілік олимпиадасының қорытындысы
2-сыныптар аралығында: I орын - Алимова Томирис
II орын - Жәлел Санжар
III орын - Қуандық Аружан
3-сыныптар аралығында: I орын - Есмуханов Ансар
II орын - Кабиденова Томирис
IIIорын - Амангелді Әмір
4-сыныптар аралығында:
II орын - Хасенов Еркебұлан, Абраимов Алихан
III орын - Камзин Асхат