2015 жылдың 3-ші наурыз күні гимназияда қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың 84-жылдық мерейтойына орай ақиық ақынның шығармашылығына арнап «Таң қалма, Мұқағали Заңғарға» атты поэзия кеші қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Кешке 5-11 сынып оқушылары қатысты. Кеш барысында ақынның «Арыз жазып кетейін», «Поэзия», «Отан», «Ұят болды-ау», «Үш бақытым» т.б өлеңдері 6,7-сынып оқушыларының мәнерлеуімен, «Мен деп ойла», «Саржайлау» әндері 9 және 11-сынып оқушыларының орындауымен сахна төрінде орын алды. 8-сынып оқушылары Аққудың қанатына жазылған сыр «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзіндіні нақышына келтіріп қоя білді. «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға жалғаса бермек!
«Таң қалма, Мұқағали Заңғарға» атты поэзия кеші