Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
ҰОС ардагері Файзуллин Зияйдин Ескендирович
12-03-2015 05:06
ҰОС ардагері Файзуллин Зияйдин Ескендирович

Файзуллин Зияйдин Ескендирович 1924 жылы 21 мамырда Павлодар облысы  Каганович ауданы (қазіргі Ақсу ауданы) Құркөлауылында дүниеге келген, Ұлы Отан соғысы ардагері.1942 жылы Туркмен ССР Байра-Алинск әскери-пулёмет училищесіне түседі. Соғысты 1944 жылы 2 Украина майданында 39 Армияның 203- дивизиясы, 610 атқыштар полкінде взвод командирі қызметінде бастаған еді. Соғысты Чехословакия жерінде аяқтайды. 1945 жылғы 9 мамырда Жеңіс күнін  Прагада қарсы алады. Ал соғыс аяқталған соң әскери қызметін Монғолияда жалғастырады.

Әскери қызметтен 1946 жылы Ворошилов қаласындағы Приморск әскери  аймағында босап, кіші лейтенант  атағымен еліне аман-есен  оралады.

Өзінің еңбек жолын 1947 жылы ақпан айында «Осоавиахим» облыс орталығында командир-инструктор болып,  1948 жылы қаңтарда осы орталықтың басшысы қызметіне ауысады. Ал 1950 жылдың қаңтарынан бастап Успен ауданының  ЦСУ мекемесінде, ал осы жылдың наурыз айынан Каганович (қазіргі Ақсу ауданы) ауданының ЦСУ мекемесіне қызметке ауыстырылады.

1951 жылдың қазан айынан 1973 жылдың мамыр айы аралығында жол шебері болып жұмыс істейді.1973 жылдың  шілде айында құрметті демалысқа шығады. Бірақ еңбектен қол үзбей,  1984 жылдың мамыр айында Ермак металлоконструктор зауытында  құрылыс-ремонт шебері болып жұмыс істейді. 2010 жылдың мамыр айында Павлодар облыстық ардагерлер кеңесі төралқасы қаулысымен Зияйдин Файзуллин  облыстық ардагер Құрмет кітабына енгізілді. Өмірің соңғы күндеріне дейін ардагер Зияйдин Файзуллин жас ұрпақпен кездесіп, оларды елжандылыққа тәрбиелеуден еш шаршаған емес. Барлық ғұмырын еліне арнаған ардагер 8 баланы тәрбиелеп, өсірді. 2010 жылы ҰОС 65 жылдығы қарсаңында Ақсу қаласы гимназиясында Ерлік Даңқ залын салтанатты түрде ашып, барлық қатысушылар мен оқушыларды еліне адал қызмет етіп, нағыз патриот болуға шақырған еді. 2011 жылдың  27 сәуірінде дүниеден озды.

Марапаттары:

       2 дәрежелі Отан соғысы ордені

«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Германидағы Жеңіс үшін»

«Жапониядағы жеңіс үшін» медалі

Мерейтойлық медальдар

 «Астанаға 10 жыл» медалі (2008 ж.)

Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы  (2010 ж.)