Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Эстетикалық бағыттағы пәндер бірлестігінің апталығы өтті
19-03-2015 05:10
Эстетикалық бағыттағы пәндер бірлестігінің апталығы өтті

2015 жылдың 10-16 наурыз  аралығында гимназияда Эстетикалық бағыттағы әдістемелік бірлестігінің апталығы жоспар бойынша өтті. Сыныптар арасында сыныптан  тыс іс-шаралар өткізілді. Атап өтсек: 2-4 сыныптар арасында өткізілген «Көңілді сөре» сайысында 4а сынып оқушылары І орынға ие болды, 8-11 сыныптар арасындағы  «Ак-47 бұзып-жинау» көпсайысында 10 сынып ұлдары өздерінің шапшандылығын көрсете білді, нәтижесінде командалық І орынға ие болды, 5-7 сыныптар арасында волейбол элементтері бар пионербол ойыны өткізілді,  8-10 сыныптар арасында баскетболдан «Алтын доп» атты ойынында 10 сынып командасы І орынға иеленді. Сонымен қатар, 2-5 сыныптар арасында «Туризм оқу-үйрену жаттығулары» , 4-6 сыныптар арасында  «Кіші футбол» ұйымдастырылды.  4-10 сыныптар арасында өткізілген «Шах және Мат» атты шахмат жарысында, 10 сынып оқушылары Кабылбекова Айым І орынға, Кабдиева Айсана ІІ орынға  және 9ә сынып оқушысы Каирбеков Әділ ІІІ орынға ие боды.  3-10 сыныптар арасында  өткізілгін «Үстел теннисі» сайысында І орынды 5а сынып оқушысы  Кинаят Жангир және 9а сынып оқушысы Кумаров Рустам жеңіп алса, ІІ орынға 3а сынып оқушысы Амангельды Амир және 8 сынып оқушысы Колдыбаев Галымжан, ІІІ орынға 5а сынып оқушысы Мақсатұлы Ансат және 9ә сынып оқушысы Теміржанов Алдияр ие болды. Сондай-ақ Мұрагер бағдарламасы аясында ұйымдастырылған 2-4 сыныптар арасында «Кішкентай домбырашы» атты байқауы өткізілді. Үйірме жетекшісі Уалиев Қуанышбек Жалелұлы. Байқаудың қорытындысы бойынша І орынға 4а сынып оқушылары – Жанибек Жансая, Берденбекқызы Амина,  Айгожина  Адина ие болды.  16 наурыз күні гимназияның спорт залында апталықтың жабылуы салтанатты түрде өткізілді. Апталық барысында  белсенді қатысқан оқушылар марапатталды. Салтанатты жиын соңында Флешмоб өткізілді.