Көктемгі каникул күндері гимназияда оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі шаралар өткізілуде. 26 наурыз күні 1 сынып оқушыларына арналған «Абайла, балақай» атты жол жүру ережелеріне арналған сайыс өтті. 1«а» және 1«ә» сынып оушылары «Белгілер нені білдіреді?», «Велосипедпен жолды өтіп көр!», «Белгілер сыр шертеді», «Кім жылдам», «Онлайн ойыны» атты бекеттерден өте отырып, жолда жүру ережелерін меңгеріп, білетіндерін пысықтап өтті. Сайыс барысында оқушылар жаяу жүргінші жолы, велосипедпен жүру жолы, машинаға арналған жылдамдық белгілері, жерасты жолы, аурухана белгілерін танып, жедел жәрдем шақыру сияқты дағдыларын қалыптастырды. Ал оқушыларды жол полициясы міндетін атқарған аға тәлімгер мен ата-аналар бағыттап отырды. Сайыс соңында оқушыларға «Жол ережесінің білгіші» атты төсбелгі мен шағын ережелер кітапшасы таратылды.
«Жол ережесін білейік»