Мұғалімдердің ХI облыстық пәндік олимпиадасының жүлдегерін құттықтаймыз!
2015 жылғы 27 наурызда Инновациялық Еуразия университетінде Павлодар облысының білім беру басқармасының ұйымдастыруымен мұғалімдердің ХI облыстық пәндік олимпиадасы өткізілді.Олимпиада қорытындысы бойынша гимназияның физика пәнінің мұғалімі Атик Бибигуль Васильевна І дәрежелі дипломымен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Бибигуль Васильевнаны шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар және жаңа жеңістер тілейміз!