Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
“Мұғалімнің психологиялық саулығы” атты семинар-тренинг
31-03-2015 14:52
“Мұғалімнің психологиялық саулығы” атты семинар-тренинг

2015 жылдың 30 наурыз күні гимназияда ұстаздар қауымына арналған “Мұғалімнің психологиялық саулығы” атты семинар-тренинг өтті. Семинардың мақсаты: эмоционалдық күйіп кету, қажудың алдын алу, өзін-өзі реттеу және босаңсу әдістерін үйрету, жағымды эмоционалдық жағдайды қалыптастыру. Семинар-тренингті ұйымдастырғандар: тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Бакирбекова Гүлбану Абусыздыковна және психолог Шаймарданова Назигуль Тусуповна. Семинар-тренингке гимназияның ұстаздары қатысты. Ұжым мүшелері үш топқа бөлініп, әртүрлі топтық, жұптық жаттығулар орындау арқылы бір-бірімен тығыз қарым-қатынасқа түсті, араларында жағымды эмоционалдық  жағдай туындады. Мысалы “Вавилон мұнарасы”, “Үй”, “Сенімділік” жаттығуларының көмегімен ұжымның әрбір мүшесі өзін осы ұжымның  ажырамас бір бөлігі ретінде сезінді. Сонымен қатар ұстаздармен релаксациялық жаттығулар да ұйымдастырылды. Бұл жаттығулар ұстаздарды күнделікті жұмыстың ауыртпалығынан, бойдағы қажу, шаршау, қорқыныш пен қобалжудан бір сәтке болсын арылтып, бойларына сенімділік ұялатып, өздерін жеңіл, әрі белсенді сезінулеріне көмектесті.