Құрметті ата-ана, бала мен ата-ананың ерте балалық шақтан бастап қалыптасқан қарым-қатынастары ерекше орын алатыны белгілі. Біз Сіздерге төмендегі ерекше материалды ұсынғалы отырмыз.
1. Мені тым шектен шыға еркелетпеңіз, бұл мені бұзады. Менің сұрағанымның барлығын бере беруге болмайтындығын мен жақсы білемін, тек мен сіздерді сынаймын.
2. Менімен қатаңдау болыңыз, мен дәл осындай қарым-қатынасты қалаймын. Бұл маған өз орнымды анықтауыма көмектеседі.
3. Менімен ара-қатынаста күш қолданбаңыз. Бұл мені өмірде тек күшпен ғана санасуға болады деген ойға қалдырады.
4. Орындай алмайтын уәде бермеңіз, бұл сізге деген сенімімді әлсіретеді.
5. Мен үшін және маған менің өзім де атқара алатын ісімді жасамаңыз.
6. Басқа адамдардың көзінше мені түзетпеңіз. Мен оңашада, бетпе –бет айтылған ескертуіңізді мұқият, дұрыс қабылдаймын.
7. Менің тәртібімді дәл конфликтілі жағдайдың шиеленіскен кезінде талқыламаңыз, бұл уақытта мен ештеңені естіп, қабылдамаймын, ешкіммен қарым-қатынасқа түскім келмейді. Кейінірек сөйлескеніңіз жөн.
8. Менің кейбір дұрыс емес іс-әрекеттерімді - кешірілмейтін күнә ретінде сезінуіме жол бермеңіз.
9. Маған қайта-қайта ескерту жасап, не болса соған ұрсып, жеки бермеңіз. Егер сіз осылай істей берсеңіз мен өз-өзімді қорғауыма тура келеді.
10. Менің ар-ұятымның қатты сыналуына жол бермеңіз, бұл менің өтірікші болума түрткі болуы мүмкін.
11. Ұмытпаңыз, мен эксперимент жасағанды ұнатамын. Осылайша мен қоршаған әлемді танимын.
12. Мені қателіктер жасап, содан зардап шегеді деп тым қорғаштамаңыз. Мен өз қателіктерімнен де үйренемін.
13. Мен сізбен ашық әңгімелескім келген кезде қашқақтамаңыз. Өйткені бұл сұрақтарға жауапты басқа жақтан іздеуім мүмкін.
14. Менімен қарым-қатынасқа аз уақыт бөлемін деп қам жемеңіз. Қарым-қатынастың ұзақтығы емес, бірге өткізілген уақыттың қалай өткізілгендігі, яғни сапасы маңызды.
15. Мен сіздің қолдауыңызсыз дами алмаймын. Маған да өз жолдастарыңызға көрсеткен ілтипат пен қолдау жасаңыз. Сонда мен де сіздің досыңыздай боламын.
16. Сонымен қатар, мен сізді (сіздерді) қатты жақсы көремін, өтінемін маған да сондай жауап қайтарыңызшы.