Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жас ғалымдар ерледі
14-04-2015 06:18
Жас ғалымдар ерледі

2015 жылы 9-10 сәуір күні Павлодар қаласында Торайғыров атындағы ПМУ-де «ХV Сәтбаев оқулары» және ИНеУ-де ҚР Кіші ғылым академиясының «Білім мен ғылым интеграциясы - болашаққа нық қадам»  атты  халықаралық ғылыми конференциялары өтті. Конференцияларға гимназияның оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. «ХV Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясында 11-сынып оқушылары Успанова Айгерім, Амиргалиева Мадина, 10-сынып оқушылары  Аскарбек Әділ, Хасанова Айдана, 9а-сынып оқушылары Жандарбек Жақан, Омирзаков Жанибек І орынға,  10-сынып оқушылары Қайыржан Санжар, Турапекова Айым ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Азамат Жанайдарович Сыздыков. «Білім мен ғылым интеграциясы - болашаққа нық қадам»  атты  халықаралық ғылыми конференциясында 10-сынып оқушысы Манат Розагүл, 9а-сынып оқушысы Галиева Камила, 5а-сынып оқушысы Мағзумова Айшабибі І орынға, 8-сынып оқушысы Замирбек Серікбол және 9ә-сынып оқушысы Медетов Батырхан  ІІІ орынға ие болды. Ал 5а-сынып оқушылары Мағзумова Айшабибі және Мақсатұлы Аңсат «Ең жас ғалым» дипломдарымен марапатталды. Жетекшілері: Асем Канатовна Баядилова, Бибигуль Васильевна Атик, Айгүл Токтамысовна Турганбекова және Анар Толыбаевна Альдекенова. Барлық жүлдегерлерді және олардың жетекшілерін құттықтаймыз!