Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Ата-аналарға арналған тест «Мен қандай ата-анамын?»
14-04-2015 10:58
Ата-аналарға арналған тест «Мен қандай ата-анамын?»

Балаларды  ата-аналар тәрбиелейді. Ал ата-аналарды ше? Бұл күрделі сұраққа жауапты ата-аналардың өздері біледі.

Берілген тұжырымдамалардың қайсысына келісесіз, соны белгілеңіз. Үш жауаптың біреуін ғана белгілеуіңізді сұраймыз.

  а) Қолымнан келеді, әрі әрқашанда осылай жасаймын. /3 ұпай/

  ә)  Қолымнан келеді, бірақ әрқашанда олай жасамаймын. /2 ұпай/

  б) Қолымнан келмейді. /1 ұпай/

  Тест сұрақтары:

  1. Қандай жағдай болмасын өз жұмысымды тастап баламмен айналысамын.

  2. Баламның жасына қарамастан мен онымен кеңесемін.

  3. Егер қате жіберген жағдайымда баламнан кешірім сұраймын.

 4. Баламмен қарым-қатынас арасында жіберген қателігімді оның алдында мойындай аламын.

  5. Егер баламның әрекеті өте қатты әсер етсе де, мен өзімді ұстай алар едім.

  6. Баламның орнына өзімді қоя аламын.

  7. Мен өзімді 1 минут болса да, «сұлу перизат» немесе «мейірімді сұлтан» ретінде сезіне аламын.

  8. Мен өзімнің балалық шағымдағы бейнем қолайсыз болып көрінетін және сабақ болатындай жағдайда айтып бере аламын.

  9. Бала жанына ауыр тиетін сөздерді көп қолданатын сияқтымын.

  10. Мен баламның жақсы тәртібі үшін, оның тілегін орындауға сөзіме берік боламын.

  11. Балаға не істегісі келсе, соны істеуге, өзін қалай ұстаса, солай ұстауға, яғни еркіне жіберіп, өзім араласпауға, бір күнді соған бөлемін.

  12. Егер менің балам біреудің баласын себепсіз ренжітіп, қол жұмсап, дөрекі мінездерін көрсетіп жатқан кезде мен үндемеймін.

  13. Егер баламның ерке қылығын көрсетіп жылағанына немесе баламның көз жасымен әр нәрсені сұрауына қарсы тұра аламын.

  Тестің кілті:

30-39 ұпай аралығында – өміріңіздегі жанұяда ең үлкен әрі қымбатты адам балаңыз деп санайсыз. Сіз балаңызды түсініп қана қоймай, оны тереңірек білгіңіз келеді және оған үлкен құрметпен қарайсыз. Сіз ең таңдаулы, озық тәрбиелеу әдістерді және тұрақты тәртіп жолдарын ұсынасыз. Сіз өте дұрыс бағыттасыз және болашақта жақсы нәтижеге ие боласыз.

16 ұпаймен 30 ұпай аралығында – бала Сіз үшін бірінші орындағы маңызды мәселе. Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қасиет қалыптасқан, бірақ өмірде оны жүйелі және мақсатты түрде қолдана бермейсіз. Кейде өзіңізді қатал ұстайсыз, кейде жұмсақ ұстайсыз, тіпті кейде тәрбиелік тиімділікті әлсірететіндей келісімге барасыз. Сізге бала тәрбиесі жөніндегі өз әдісіңіз жөнінде кеңірек ойлану қажет.

16 ұпайдан төмен – бала тәрбиесі Сіз үшін үлкен қиыншылық туғызады. Сізге не білім жетіспейді, не болмаса балаңызды жеке тұлға ретінде жасауға ниетіңіз, ұмтылысыңыз жетіспейді. Сол себептен сіз педагогтан және психолгтан кеңес алғаныңыз жөн.