- Бала неғұрлым көбірек сұрақ қойып көп нәрсеге қызыққыш болғандығын қолдау керек. Сұрақ қоймайтын оқушы бала ата-ананың қобалжуын тудыруы керек.
- Сұрақ қоя білуге үйрету керек, ең алдымен өз-өзіне. Сөздіктерді қолдануға, кітапханада жұмыс істеуге т.с.с. Ата-ана баланың кез-келген сұрағына жауап беруге тырысуы керек.
- Отбасы өз білім орталығын құруы тиіс – отбасылық кітапхана, әңгіме, пікірталас түрінде. Балаға кез-келген білім өз пайдасын әкелетінін түсіндіру керек. Барлығын баламен бірлесіп істеуге тырысу керек.
- Баланың ойланып, ой қорытуына жағдай жасау керек. Ой қорыта білу кез-келген іс-әрекеттің нәтижесі туралы түсінікті қалыптастырады.
- Баланы өз істеген жұмысын бағалап, талдауға үйретіңіз. Жұмысындағы қателіктерін көрсету емес сол қателікті таба білуге бағыттаңыз.
- Баланың есте сақтау қабілеті мен зейінін дамыту керек.
- Баланың кез-келген жетістігін атап өтіп, мақтап, мадақтаған жөн. Бұл баланың өз-өзіне деген құрметін, бағалауын қалыптастырады. Баланың бұрынғы, қазіргі жетістіктерін салыстырып, алға дамуын атап отырыңыз. Бірақ өзге баламен салыстырмаңыз.
- Баланың іс-әрекетін бағалай отырып, оның жеке басына көшпеңіз. Өз ата-анасы үшін жеке тұлға ретінде ол әрдайым ең жақсы, ең қымбат. Мысалға былай айтпаңыз: “Сен ылғи да ұқыпсызсың”, керісінше “Сенің мына істеген ісің ұқыпсыз істелді”.
Жиі-жиі өзіңізді балаңыздың орнына қойып, сондай жастағы кезіңізді есіңізге түсіріп отырыңыз.