Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған сайттың үздік бөлімі конкурсы
18-04-2015 07:43
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған сайттың үздік бөлімі конкурсы

Облыс білім беру басқармасы мен ақпараттық технологиялар орталығы 2015 жылғы 1 ақпан мен 13 наурыз аралығында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған «Ерлік, даңқ, батылдық туралы» білім беру ұйымдары сайтының үздік бөлімі облыстық конкурсын өткізді. Конкурстың мақсаты – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығын мерекелеуге оқушылардың, педагогтар мен қоғамның назарын аударту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы патриоттық тәрбие жүйесінің дамуына әсер ететін ізденушілік-зерттеушілік қызметті жетілдіру. Конкурстың шарты - Ұлы Отан соғысының тарихи деректерін бейнелеу үшін заманауи ақпараттық технологиялар мүмкіндіктері пайдаланылған сайт бөлімін жасау болды. Конкурстың қорытындысы бойынша біздің гимназия  І дәрежелі дипломмен және  бағалы сыйлықпен марапатталды. Осы бағыттағы сайттың жұмысын үздік үйымдастыруға атсалысқан информатика пәнінің мұғалімі Абылгазина Эльмира Турагуловна мен директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Бакирбекова Гүлбану Абусыздыковна. Сондай-ақ оқушылар арасында «Соғыс ұрпақтың есінде» атты облыстық үздік қысқаметражды фильмге 9-сынып оқушысы Аубакиров Алишер қатысып, грамотамен марапатталды. Жетекшісі Альдекенова Анар Толыбаевна.