6.04.15-11.04.15 аралығында гимназияда психология апталығы болып өтті. Алдын ала апталықтың өтілу барысында ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспарланып, олардың өтілуіне жауаптылар бекітілді. Апталықтың алдына қойған негізгі мақсаты: Психология ғылымының маңыздылығын насихаттау. Мектеп ұжымының оның ішінде оқушылардың, ұстаздардың психологиялық денсаулықтарын сақтау, әрі нығайту.
Апталықта мектеп ұжымы толықтай қамтылды деп айтуға болады: бастауыш, орта, жоғары сыныптармен олардың жас ерекшеліктеріне байланысты іс-шаралар: ойындар, сайыстар, тренингтік жұмыстар ұйымдастырылды. Атап айтсақ 1-4 сыныптар арасында қозғалмалы ойындар, 5-6 сыныптар арасында “Менің сыныбым-менің үйім”, ”Менің сыныбым осындай...”, ”Мен бақыттымын,егер...” атты тақырыптарда коллаждар сайысы, 7-8 сыныптар арасында “Психологиялық марафон”, 9- сыныптарға раналған “Әрбір мамандық керек, әрбір мамандық қажет” атты мамандыққа бағдарлау тренингі, 11-сынып оқушыларына арналған “ҰБТ-ге дайындық барысында 11-сынып оқушыларын психологялық қолдау” тренингі, оқушылармен, ұстаздар қауымымен “Ізкесуші” танымдық-психологиялық ойыны,т.с.с түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар ұстаздар қауымы да тыс қалған жоқ. Аптаның әрбір күні белгілі бір мақсатқа бағытталған ұжымды топтастырып, көңіл-күйді көтеріп, жұмыс күніне белсенді серпіліске бағыттайтын акциялармен басталып, үзілістегі ойындармен, тренингтермен жалғастырылып отырды. Балалар іс-шараларға өте белсенділікпен, қызығушылықпен қатысты. Аптаның соңында апталықтың қорытындысы айтылып, ерекше белсенділік танытқан, өнерлерін, шапшаңдықтарын, ұйымшылдықтарын көрсете білген оқушылар, сыныптар, ұстаздар марапатталып, оларға алғыс білдірілді. Алдағы уақытта да психология апталығы өз жалғасын табу керек деп ойлаймыз, өйткені бұл іс-шара психология ғылымының қыр-сырын насихаттау, мүмкіндіктерін пайдаланудың бірден-бір жолы.
Гимназия психологі Шаймарданова Н.Т.