Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің 20-сы мен 25 сәуір аралығында жоспарланған апталығы өтті.
Апталық қазақ халқының «Үш бәйтерегі» атанған Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин өмірі мен шығармашылығына, қазақ әдебиетіндегі айтулы ақын, қарымды қаламгер, драматург дарындыларына арналды.
Апталықтың ашылуын қазақ тілі мұғалімі Есенгожина А.Е радиодан хабарлап, апталық жоспарымен таныстырды.
Аптаның екінші күні “Бояулар сыр шертеді” тақырыбында ақындар шығармашылығына арналған газеттер сайысын Нурғалиева Д.А., Ержинбаева Р.Т. өткізді. Сайыста І орынды 5 «а» сыныбы, ІІ орынды 8-сынып, ІІІ орынды 10-сынып иеленді.
Ақындардың өмірі мен шығармашылығы, қоғамдық қызметі туралы «Викториналық сұрақтар» сайысы аптаның үшінші күні болды. Сайыс қорытындысы бойынша І орынды 5-7-сыныптар арасында 6«ә» сыныбы, ал 8-10-сыныптар арасында 10-сынып оқушылары жеңіс тұғырынан көрінді.
Аптаның төртінші күні «Елім деп жырлаған үш бәйтерек» атты мәнерлеп оқу сайысын пән мұғалімдері Дюсембаев А.К, Шапауова Ә.С. ұйымдастырды. Сайыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды 8-сынып оқушысы Қарабек Айзада, ІІ орынды 6ә-сынып оқушысы Гармаева Диляра, І орынды 6ә –сынып оқушысы Рамазанова Аяулым иеленді.
Апталықты «Үш бәйтерек, үш діңгек: Ілияс, Сәкен, Бейімбет» шығармашылық кешімен қорытындыладық.
ӘБ жетекшісі: Дюсембаев А.К