Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушылар мен күнкөрiсi төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражатты жұмсау ережесiн бекiту туралы
16-05-2015 07:56

Әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушылар мен күнкөрiсi төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражатты жұмсау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 64 Қаулысы

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 2, 28-құжат; "Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 6 ақпан N 35

      "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушылар мен күнкөрiсi төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражатты жұмсау ережесi бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың:
      1) "Қазақстан Республикасында орта бiлiм жүйесiн одан әрi реформалау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 28 тамыздағы N 812 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 29, 258-құжат), 1-тармағының, 3-тармағы 2) тармақшасының

      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 28 тамыздағы N 812 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 шiлдедегi N 1047 қаулысының 1-тармағы 3) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануы тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң    
2008 жылғы 25 қаңтардағы
N 64 қаулысымен 
бекiтiлген   

Әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушылар мен күнкөрiсi төмен
отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға қаржылай және материалдық
көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражатты жұмсау ережесi

      1. Осы ереже "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 4-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзiрленген және әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушылар мен күнкөрiсi төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражатты жұмсау тәртiбiн айқындайды.

      2. Әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушылар мен күнкөрiсi төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге арналған қаражат мыналарға бөлiнедi:
      1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға;
      2) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс шамасынан төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға.

      3. Әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушылар мен күнкөрiсi төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражат:
      1) жергiлiктi атқарушы органдардың бюджетiнде көзделген жалпы бiлiм беретiн мектептердi ағымдағы ұстауға арналған шығыстардың сомасынан кемiнде бiр пайыз мөлшерiндегi аударымдар;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлiм беру ұйымдары беретiн ақылы негiздегi тауарлардан (жұмыстардан, қызметтерден) түскен түсiмдер;
      3) демеушiлiк және қайырымдылық көмек, өтеусiз аударымдар мен қайырмалдықтар есебiнен құралады.

      4. Әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушылар мен күнкөрiсi төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражат:
      1) киiм, аяқ-киiм, оқулықтар, оқу құралдарын, мектеп-жазу құралдарын сатып алуға;
      2) жергiлiктi оқыту бойынша тамақтандыруды ұйымдастыруға;
      3) қаржылай көмек көрсетуге;
      4) санаторлық-курорттық ұйымдар мен демалыс лагерлерiне
жолдамалар сатып алуға;
      5) бiлiм алушылардың мәдени-бұқаралық және спорттық шараларға қатысуына жұмсалады.

      5. Әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушылар мен күнкөрiсi төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге арналған қаражат олардың ата-аналарының не қорғаншысының (қамқоршысының) немесе кәмелеттiк жасқа жеткен бiлiм алушының өтiнiштерi негiзiнде бөлiнедi.
      Өтiнiшке растайтын мынадай құжаттар қоса тiркеледi:
      1) отбасы құрамы туралы мәлiметтер;
      2) өтiнiш берушiнiң отбасы мүшелерiнiң тапқан табысы туралы мәлiметтер;
      3) жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәлiметтер.

      6. Әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушылар мен күнкөрiсi төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражатты жұмсау бiлiм беру ұйымдарында құрылған алқалы басқару органдарының келiсiмi бойынша қабылданатын бiлiм беру ұйымының бiрiншi басшысы шешiмнiң негiзiнде жүзеге асырылады.

      7. Әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушылар мен күнкөрiсi төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражаттың мақсатты жұмсалуын бiлiм беру ұйымдарының бiрiншi басшылары қамтамасыз етедi.

      8. Әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушылар мен күнкөрiсi төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн түсiмдердi есепке алу мен есептiлiгi және қаражатты пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.