
2015 жылдың 15 мамыр күні гимназияның мәжіліс залында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Дарындыға дархан жол» атты шығармашылық кеш өтті. Бұл кештің негізгі мақсаты гимназия оқушыларының 1 жылғы оқуымен ғылымға бастау жолында нәтижелерін көрсету, облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми жоба және олимпиадаларда жетістікке жеткен оқушыларды марапаттау болды. Осындай білім шыңына жетуге тырысқан 35 оқушы марапатқа ие болды, сондай-ақ «Жыл оқушысы» анықталды. Ол гимназия түлегі, "Алтын белгіге" үміткер, халықаралық Ломоносов атындағы турнирде І орын, республикалық ғылыми жоба сайысында ІІ орын, облыстық ғылыми жоба сайысында І орын, облыстық пән олимпиадасында ІІІ орынға ие болған Успанова Айгерім. Сонымен қатар спорт, туризм, өнер байқауларында ерекше жетістікке жеткен оқушылар да дәріптелді. Кеш бойы аталмыш оқу жылында «Айналайын» Республикалық байқауында Гран-при жеңіп алған гимназияның «Айгөлек» би тобы өз өнерін көрсетіп, қошеметке бөленді. «Мұрағер» бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын «Жас талап» домбыра тобы да өз өнерін көрсетті.