Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«New Star KZ» Республикалық конкурсының жүлдегерлерін құттықтаймыз!
21-05-2015 05:56
«New Star KZ» Республикалық конкурсының жүлдегерлерін құттықтаймыз!

2015 жылдың 16 мамыр күні Павлодар қаласында Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында «ARUZHAN-Production»  вокал студиясының ұйымдастыруымен «New Star KZ» эстрадалық вокал және хореография Республикалық  конкурсы өтті.  Гимназияның «Айгөлек» би тобы конкурсқа қатысып, «Әлем халықтарының биі» номинациясы бойынша жүлделі І орынға ие болды. «Айгөлек» би тобының жетекшісі Зембаева Динара Ниғматуллақызы Алғыс хатпен марапатталды. Әділқазылар алқасының құрамында халықаралық конкурстарының жүлдегерлері, халықаралық, республикалық деңгейде чемпиондар мен жүлдегерлерді дайындаған тренерлер болды. Оқушыларды және олардың жетекшісі Динара Ниғматуллақызын құттықтаймыз! Шығармашылық өнердің биік шыңынан көріне беріңіздер!