Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
«Наурыз мейрамы»
26-03-2013 09:06
«Наурыз мейрамы»

Наурыз айының 20-сы күні гимназия қабырғасында дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген «Наурыз мейрамы» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Кешті Альдекенова Анар Толыбайқызы жетекшілік ететін 5 «а» және Ғазиз Еңлік Ғазизқызы жетекшілік ететін 7 «ә» сынып оқушылары жүргізді.
Аталған кештің мақсаты – бүгінгі өскелең жас ұрпақтың ғасырлар бойына қазақтың салт-санасы мен әдет-ғұрпын уағыздауды, өз елінің киелі әрі қасиетті ұғым-түсініктерін дәріптеуді  алға қойды. «Наурыз мейрамы» әдеби-музыкалық кешінің оқушылар мен ұстаздар қауымы арасында ерекше ілтипатқа бөленіп, әрі езу тартқызар әсерлі бояуын айшықтай түскен көрінісі – 10-сынып оқушыларының арасында өткізілген «Қыз бен жігіт айтысының» тартысты өтуімен ерекшеленді. Бір-бірімен әуезді әрі тұшымды сөз қағыстырған қыз бен жігіттерден құралған екі топ мүшелері ғасырлар бойы сақталып келген «Селт еткізер» және «Ұйқыашар» дәстүрін қайта жаңғыртты.
Мерекеміздің тағы бір тұсы 5-сынып оқушыларының «Алдар Көсенің байды алдауы» деген шағын эпизотты әңгімесін ерекше актерлік шеберлікпен ойнауымен де ұтымды шықты. Алдардың әдемі сөз, орайлы пікірмен аңғал байды арбауы кеш барысындағылардың барлығында күлкіге қарқ етті.
Жалпы жыл сайын өткізіліп жүрген бұл шараның мектеп оқушыларының бойына таза қазақи тәрбие беруімен қатар ұмтылып бара жатқан салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртуы әр кез орынды болмақ. Өскелең ұрпақтың бойына тек ескі әдет-ғұрыптарды сіңірту аздық етеді. Дегенмен де, осы мереке барлық қазақ қауымының көктемгі жайдары көңілін бір жасаптып тастағаны көңілімізді қуантады. Сонымен қатар мерекелік кешіміз әдеттегідей,  «наурыз көже» мен мол ақ дастарханымыздан дәм тартып, қызықты әңгіме, ашық пікір алысқан дөңгелек үстелмен жалғасын тапты. Ал кештің соңы барлық мектеп ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен ұлттық «Қаражорға» биімен аяқталды.


Ғазиз Еңлік Ғазизқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі