Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Оқушының физика пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып үш тілді меңгерудегі тиімді жағдай. Физика пәнінің мұғалімі Кабылбекова А.С. Республикалық семинар.
27-05-2015 06:49

Елдің  өсіп-өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алу ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Бүгінгі таңда рухани жетілген - озық ойлы, шығармашылық әулеті жоғары, көптілде сөйлейтін тұлға тәрбиелеу Қазақстан мемлекетінің білім беру саясатының өзегі.

Павлодар облысы  Ақсу қаласының гимназиясы физика пәнін үш тілде оқыту (қазақша, орысша, ағылшынша)  экспериментіне енгізгелі бес жыл өтті.

Үш тілде оқыту экспериментіндегі жұмысымды  төрт бағытқа бөлуге болады:

-    мұғалімнің өз білімін арттыру;

-    тәжірибе алмасу;

-    мұғалімнің шығармашылық зертханасы;

-    нәтижесін қадағалау.

Осы бағытта жұмыс істеу үшін жаңа формациядағы мұғалім Павлодар Мемлекеттік Университетімен, Инновациялық Еуразия Университетімен, Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогиқалық кадрлар біліктілігін арттыратын Республикалық институтымен,Павлодардағы мұғалімдердің білімін жетілдіру институмен, Қазақ-Түрік Лицейімен тығыз байланыста болу; қалалық, облыстық, республикалық семинарларға қатысу;экспериментке еңгізілген Республика көлеміндегі мектептермен тәжірибе алмасу; қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу, интернетпен байланыста болу және оқушылардың әр нәтижесін қадағалау қажет.

Оқушылардың қызуғышылығын арттыру мақсатында жанжақты қамтылған мәліметтерімен қаруланып, әр сабаққа шығармашылықпен дайындалып  дәстүрлі емес  сабақтар өткізу мұғалімнің міндеті. Мысалы, өткізілген сабақтардан ерекше атап өтсе: интернет арқылы дистанциондық сабақ, Қазақ-Түрік Лицейінің мұғалімімен бірігіп сабақ өткізу (лицейдің мұғалімі қазақша білмейді, оқушылар мен мұғалім тек ағылшын тілінде пікір алмасып есеп шығарды), панорамалық сабақ, кіріктірілген сабақ, интеллектуалдық ойындар, әр тоқсан сайын өткізілетін терминологиялық тест, әр жыл соңында өткізілетін сынақ-сабағы т.б.2008-2009 оқу жылында Бейбітшілік корпусының еріктісі Брайн Гиллеспимен белгіленген кесте бойынша мұғалімдермен, оқушылармен жұмыстар жүргізілуде.

Физиканы ағылшын тілінде оқытудың ана тілінде оқытудан  ерекшілігі физикалық терминдерді ағылшын тілінде енгізу, оқушылардың назарын әртүрлі пәндегі бір ғана терминдердің ағылшын тіліндегі мағынасы түрліше болатынына назар аудару.Сонымен бірге, зертханалық жұмыстарда қолданылатын құралдардың, қондырғылар мен материалдардың атауларын оқушылар ағылшын тілінде білу, есептердің шығарылуын ағылшын тілінде түсіндіре білу, сабақты бекіту кезеңінде берілген сұрақтарға ағылшын тілінде жауап беру, алынған нәтижені түсіндіру, сәйкес қорытынды жасау қажет.

Оқушылар ағылшын тілін екінші сыныптан бастап оқығанына қарамастан физика пәнін ағылшын тілінде оқыту елеулі қиындықтар туғызады. Қиындықтардың бірі ағылшын тіліндегі жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті стандартына сәйкестіріліп жасалған физика оқулығы жоқ, ағылшын тіліндегі есептер жинағы жоқ. Эксперимент барысында бірінші қажеттілік терминдерді енгізу мәселесі туындайды.

Сол себептен,физиканы ағылшын тілінде оқып жатқан жалпы орта мектептерге, физика оқулығының бағдарламасы негізіндегі терминологиялық ұғымдардың аудармасын дұрыс қолдану барысына көмектесу мақсатында 2006 жылы «Физикадан терминологиялық сөздік» 7 сыныпқа, 2007 жылы «Физикадан терминологиялық сөздік» 8 сыныпқа, 2008 жылы «Физикадан терминологиялық сөздік» 9 сыныпқа арналған шығарылды.  Сөздіктерде 7-9 сыныптарда өтілетін әр тарау бойынша физикалық терминдер ағылшын тілінде жинақталған.                

Бағдарлама бойынша физиканы ағылшын тілінде оқыту үрдісінде оқушылардың әр тоқсандағы алған білімінің нәтижесін қадағалау мақсатында уақыт қорынан 4 сағат, әр тоқсанда 1 сағаттан, оқушылардың терминдерді меңгеру мүмкіндігін тексеруге ұсынылған. Сол себептен, «Физикадан тоқсандық терминологиялық тестер» жинағы құрастырылды. Жинақта оқушылардың білімін бақылау жұмысы екі деңгейде беріледі. Бірінші деңгей – физикалық терминдерді ағылшын тілінде білуін анықтап, қазақ тіліне аударуға лайықталып, ал екінші деңгей – тест түрінде құрылды. Тест мазмұны оқушылардың физикалық ұғымдар мен шамалардың ағылшын тіліндегі мағынасын түсіне білуіне және есептер шығару біліктіліктерін анықтау мақсатын көздеген.

Әр жылдағы алған білімінің нәтижесін қадағалау мақсатында оқу жыл соңында сынақ сабақтар өткізіледі. Сол себептен, «Сынақ сабақтары» жинағы құрастырылды. Бір сынақ парағының құрамында 5 сұрақ:

  1. Теория (қазақ тілінде)

2.     Есеп (ағылшын тілінде)

3.     Сөздік (терминдерді қазақ тіліне аудару)

4.     Эксперименттік тапсырма (ағылшын тілінде)

5.     Тест (ағылшын тілінде)

Сынақта оқушылардың зертханалық жұмыстарда қолданылатын құралдардың, қондырғылар мен материалдардың атауларын ағылшын тілінде білуі, есептердің шығарылуын ағылшын тілінде түсіндіре білуі және физика сабақтарында алынған теориялық білімдері қазақ тілінде тексеріледі.

Физика есептерін шығару – физиканы оқытудың негізгі бір бөлігі болып саналады. Физика есептерін шығаруда оқушылар теориялық мәселелерді қайталайды, сол арқылы оның мағынасын тереңірек түсініп, оларға өздігінен қорытынды жасауға үйретеді. Теорияны іс жүзінде қолдана білу, яғни есептер шығара білу, теориялық білімнің тереңдігін көрсетеді. Физиканы ағылшын тілінде оқып жатқан оқушылардың физика көлемінде ағылшын тілін жетілдіру мақсатында, физикадан алған теориялық білімді практикада қолдану мақсатында «Физикадан есептерінің жинағы», 7-9 сыныптарға арналған жинақ шығарылды. Есептер жинағында 7-9 сыныптар көлеміндегі тақырыптар бойынша ағылшын тілінде есептер жиналған.

Физикадан Ұлттық Біріңғай Тестілеуде дайындауға көмектесу мақсатында және эксперименттегі оқушылардың физика пәні бойынша теориялық білімдерін Қазақ тілінде тексеру мақсатында  «Физикадан тақырыптық тестер, 7-9 сыныптар» тестер жинағы шығарылды.

Оқу үрдісі оқушының дербес ерекшілігін ескере отырып  ұйымдастырылса, жоғары сапалық деңгейге жетеді және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, сабаққа белсенді қатысушылығын көрсетеді.

Осының нәтижесінде физикадан соңғы 5 оқу жылдарын салыстырғанда эксперименттегі оқушылардың білім сапасы жеткілікті жоғары деңгейде сақталынды.

ХХІ ғасыр - бұл компьтер, телекоммуникация техникасымен технологияның гүлденген заманында, біз ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаумен бірге, техникалық тілді де ағылшынша еркін меңгереміз. Ертеңгі күні ол бала шетелге бара қалса да, білімін сол елде жалғастырғысы немесе жұмыс бабымен жүрсе де еш қиналмайды. Себебі, олар жанжақты даму үстінде. Міне біздің үш тілде оқыту экспериментінің тиімділігі осыдан көрінуде. Біздің оқушыларымыз әлемдік деңгейде өздерін көрсете білуі қажет. Ал осы жолда еңбек ету, тер төгу - біздің міндетіміз.

Ағылшын тілін меңгеру, сол тілде өз пәндеріңізді беру қиындау болар, бірақ қызықты және болашағы зор.