Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Көкшетау қаласынан жеңіспен оралған
01-04-2013 09:24
 Көкшетау қаласынан жеңіспен оралған

Ақмола облысы білім басқармасы Ақан сері атындағы мәдениет колледжімен бірге 2013 жылдың 29 наурызында Солтүстік аймақтық колледж білім алушылары мен мектеп оқушыларыарасында әйгілі ақын, композитор Ақан серінің 170 жылдығына орай «Ұлттық өнердің өткен кезеңі мен заманауи болашағы» аттыреспубликалықғылыми жұмыстар байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты: - халық өнерінің мәдени мұрасын дәріптеу арқылы ұлттық тәрбие беру; - білім алушылардың жаңа шығармашылық әлеуетін айқындау; - колледж білім алушылары мен мектеп оқушыларыарасында ғылыми және іскери байланыс орнату болып табылады.

Бұл байқау жалпы 4-кезеңнен тұрды. 1-кезеңде – 2013 ж. 1 ақпанынан бастап 2013 ж. 28 ақпанына дейін ғылыми жұмыстар байқауына қатысу үшін (1,2 қосымшалар) өтінімдер мен жолдамалар қабылданды.  2-кезеңде – 2013 ж. 7 наурызына дейін байқау комиссиясы мүшелері баяндама тезистерін қабылдап, қорытынды кезеңге қатысу үшін оларды іріктеді, ғылыми жұмыстар жинағында тезистер жарияланды. 3-кезеңде – 2013 ж.  11-20 наурызы аралығында байқау комиссиясы ғылыми жұмыс бойынша баяндамалардың тезистерін қарастырылды, қорытынды кезеңнің қатысушыларын анықтап, үш кезенің іріктеуінен өткендерді арнайы қорғауға шақырды. 4-кезеңде – 2013 ж. 29 наурыз жұмыстарды көпшілік алдында қорғау.

Байқаудың ғылыми зерттеулер (секциялар) бағыты төмендегідей болды:Бірінші секция «Ақан сері — ақын, әнші, композитор»,  екінші секцияда «Қазақ, орыс және әлем әдебиеті», үшінші секцияда «Қоғамдық ғылымдар», төртінші секцияда «Нақты ғылымдар», бесінші секцияда «Өнертану», алтыншы секцияда «Бейнелеу өнері және дизайн», жетінші секцияда «Музыка» сегізінші секцияда «Театр», тоғызыншы секция «Хореография» зерттеулеріне арналды.

Ғылыми жұмысты қорғау тәртібі бойыншабайқауға қатысушылар өз жұмыстарының негізгі ережелерін отырыста баяндауға мүмкіндік алды. Әр қатысушының сөз сөйлеу регламенті 7 минутқа дейін. Көпшілік алдында қорғау кезінде техникалық құралдар мен көрнекі құралдарды көпшілігі ұтымды қолданылды. Көпшілік қорғау жұмысы Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің мәжіліс залында өтті.

Көпшілік алдында қорғау қорытындысы бойынша үздік жұмыстардың авторлары дипломдармен, арнайы сыйлықтармен марапатталады. Әр қатысушы мен жүлдегер ғылыми жұмыс жетекшілеріне сертификаттар табысталды. Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 7-сынып оқушысы Галиева Камила байқаудың барлық кезеңдерінен сүрінбей өтіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Камилаға ғылыми жетекшілік жасаған ұстазы Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жакупова Самал Серікқызы.

Байқаудың қорытындысы бойынша үздік таңылған жоба жетекшісі Жакупова Самал Серікқызы Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің оқытушылары мен студенттеріне шеберлік сабақтарын өткізіп, Көкшетаулықтардың назарынан шығып, алғысқа иеленді.