2015 жылдың 25 мамыр күні гимназияда оқу жылының аяқталуына орай “Сыңғырла тағы да, соңғы қоңырау” атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға Ақсу қалалық маслихат хатшысы Омаргалиев Мәдениет Қабылдаұлы, ардагер ұстаздарымыз Сламбекова Рымкеш Хамитқызы, Кожабекова Рымкеш Нуриденовна, ұстаздар, ата-аналар қатысты. Биылғы оқу жылында 11-сыныпты 16 оқушы бітіреді. Ерекше жетістігі бар оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Құттықтау сөз сөйлеген гимназия директоры Мария Абдуқадырқызы Касенова 11 сынып оқушыларының 11 жыл бойғы жетістіктерін атай келе, алдағы ҰБТ-да сәттілік тіледі. Түлектеріміздің сынып жетекшісі Алькеева Зарукеш Букуровна түлектерге өз тілектерін білдірді. Соңғы қоңырауды 11 сынып оқушысы, оқу үздігі, Республикалық пән олимпиадасының екі дүркін жүлдегері Кайржанова Адия мен 1 сынып оқушысы, оқу үздігі Мухамматова Ақерке соқты. Соңғы қоңырау мерекесі түлектердің әсем биі мен ұстаздарға деген жылы лебізімен жалғасты. Салтанатты жиыннан соң түлектеріміз әсем шарларды көкке самғатты.
Соңғы қоңырау – 2015