Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияда оқушылар бойында Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу жұмысы
05-03-2015 05:58

 Қазiргi кезде республикамыздың егемендiгi мен бейбiтшiлiгiн сақтауда жас ұрпақ бойында патриоттық құндылықтарын дамыту арқылы  Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен мән берiлiп отырғандығы Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасы “Бiлiм туралы“ Заңында, Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар, Қазақстан Республикасы Президентiнiң республика халқына  жолдауларында,  ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ағымдағыбасылым беттерiнде айқын аңғарылады.

 Оқушыларды елжанды, өз  елінің патриоты етіп тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруда «Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы»,«Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспары»,ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы негізге алынады. Патриоттық тәрбие беру сынып сағаттары, мектепішілік,қалалық сайыстар мен шараларға қатысу,Рәміздерді ұлықтау мен насихаттау,акция т.б танымдық- зияткерлік шаларлар арқылы жүзеге асырылады.Осы бағытта «Жасұлан», «Атқыштар», дебат  үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірмелермен барлығы 30 оқушы қамтылған. Жұмыс барысында 9-11сынып оқушылар арасында әскери оқу орындарына үгіт-насихат жүргізіледі.Биылғы жылғы 11 сынып оқушылары арасында 3 оқушы әскери оқу орнына түсуге ынта білдіріп, оның 2-і қазіргі кезде  оқуда.Үйірмелерде балалар әскери іс, қару-жарақты жинау, бөлшектеу ісін, нысанаға оқ атуды жете меңгереді. Әрбір мемлекеттік мерекелерді атап өту барысында оқушылар арасында нысанаға оқ ату, қаруды жинау,ант берудеан мектепішілік жарыстар өткізіліп тұрады.Сайысқа 8-11 сыныптан 64 оқушы,яғни 65% қатысты.

Қалалық Жеңіс күні қарсаңында өткізілген «Қатардағы ән» сайысында гимназия  оқушылары 1-орынды иеленіп, сапта тұру,әскери ән бағыты бойынша үздік атанды. Дебат пікірсайыс үйірмесінде оқушылар «Қазақ тілінің бүгінгі мәртебесі» , «Мемлекет бала құқығын қорғаудың механизмін ұсынуы тиіс», «Қазақстан ұларалық келісімге қол жеткізудің тиімді жолдарын ұсынды» атты тақырыптарында ойын көрсететті.Жеңістің 68 жылдығына аралған іс-шараларда гимназия оқушылары қолданбалы әскери өнерден жарыс өткізіп, көрнекі көрсетілімдер дайындады.Барлығы шараға 52 оқушы қамтылды.Жоғары сынып оқушылары Мәңгілік алау жанында вахталық кезекшілік атқарып, , мереке күні гүл шоқтарын қоюға, құрметті қарауылда тұруға қатысып, соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті.Сонымен қатар облыстық деңгейде өткізілген «Ту ұстаушылар» сайысына 3 оқушы қатысып, ҚР рәміздері, әскери шендер мен құрылымдары туралы білімдерін көрсетсе, қалалық әскери-қолданбалы көрсайыста 12 оқушы қатысып, нысанаға оқ ату, турникте тартылу сияқты сайыстарда жүлделі орындарға ие болды.Гимназияның Жас Ұландары қалалық деңгейде өткізілген Рәміздер күні, түлектер кеші,  Конституция күні, мұғалімдер күні сияқты мерекелерде ту ұстау, құрметті азаматтарды, ардагерлерді құттықтау,Конституцияны насихаттау  құрметіне ие болды.Оқушыларды әскери-тактикалық іске баулу мақсатында АӘД мұғалімінің басшылығымен 8-10 сынып оқушылары тактикалық-жаттығуларды орындауға арналған бөлімше, взвод макетін жасалды. Сондай-ақ  нысанаға оқ тау тирінде оқушылардың жатып оқ атуға арналған арнайы орны дайындалып, қолданысқа енгізілді Әрине дайындалған материалдық-техникалық  құралдар оқушылардың әскери іске деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, сабақта алған білімдерін пысықтауда, қортындылауда таптырмас құрал.Бұл шаралар оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттырары анық

Тәуелсіздік күні қарсаңында барлық сыныптарда «Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған» атты сынып сағаттары, кездесулер, Қазақстан туралы дүниетанымын дамытатын шаралар өткізілуде. ҚР Тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай ПМПИ ғалымдарының қатысуымен «Алаш аманаты-Тәуелсіздік» атты конференция өтті. Конференцияға қаланың құрметті азаматтары, ардагер ұстаздар,оқушылар қатысты. Барлығы 210 адам қамтылды.«Елінің көркеюіне үлес қосқандар»атты тыл еңбеккерлерімен,құрметті азаматтармен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесуге 12 тыл еңбеккерлері және 150 оқушы қатысты.  Елжандылықты қалыптастыру тәрбиесі бойынша болашақта да тәрбие жұмысының басты бағыттарының бірі ретінде ауқымды жұмыстар жалғасын табады.

Гимназиядағы Мемлекеттік рәміздерді насихаттау бағытында мектеп маңдайшасында ту ілініп, түнгі уақытта жарықтандырылған, мектеп фойесінде  рәміздер стенді,тарих, бастауыш сынып, қазақ тілі,алғашқы әскери дайындық кабинеттерінде,кітапханада арнайы лицензиясы бар рәміздер стенді жасалған.1-11 сынып оқушылары әр дүйсенбі сайын сабақ алдында Мемлекеттік әнұранды орындайды. Салтанатты жиындарда, саптүзеулерде мемлекеттік ту шығарылып, әнұран шырқалады. 4 маусым Рәміздер күні оқушылар қалалық салтанатты жиынға қатысып,ту шығару мәртебесіне ие болды. Ал жазғы бағдарлы және сауықтыру лагерінде сол күні әнұранды жатқа айту, рәміздер туралы қызықты ойындар мен мәнерлеп оқу байқаулары өткізілді. Тәуелсіздік күні қарсаңында әр сыныпта «Мемлекеттік рәміздерге» арналған тәрбие сағаттары, танымдық-құқықтық ойындар өткізу дәстүрге айналды. Құқық айлығы аясында«Әнұраным-бойтұмарым» патриоттық акциясы өткізіліп, оқушылар арасында өлең шығару, суреттер сайысы, мәнерлеп оқу, ән сайыстары өткізіліп, оған соғыс ардагерлері, ішкі саясат бөлімі, БАҚ қызметкерлері, ата-аналар шақырылды. Облыстық «Мен елімнің патриотымын» форумында гимназия тобы  жүлделі 3-орынды иеленді. Оқушылардың  өз елінің рәміздеріне деген  құрметін арттыру мақсатында авторлары,шығу тарихы, тарихтағы болған рәміздер туралы ақпараттық , танымдық  ақпараттар беріліп,сол бойынша  сайыстар өткізіледі,сауалнама алынады.Бұл шаралардың түпкі мақсаты әр оқушының бойында өз еліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру болып табылады.

          Қорыта келгенде, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар  арқылы тәрбие беру оқушы бойындағы сана-сезiмдi, намысты, парызды қалыптастырумен қатар егемен елiмiздiң тәуелсiздiгiн, ынтымағын, бiрлiгiн сақтап қалатын патриот-азамат тәрбиелеуге толық мүмкiндiктердің  бар екендiгі  дәлелдеді.