Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
«Мейірімділікке бастар ғажайып әлем»» атты шығармашылық кеш
03-03-2015 04:47

Өткізілетін орны: Гимназия мәжіліс залы

Өткізілетін уақыты: 2.02.2015ж

Жүргізушілер: Аяжан, Еркебұлан

Жалқаубек- Бекболат  , Перизат – Жанель

Музыка  Бақытты балалық

1-жүрг:Қайырлы күн құрметті қонақтар.

                Үлкенге де сіз, 

               Кішіге де сіз,

               Баршаңызға ізетпен

               Сәлем бердік біз.

2-жүрг:Білім мен өнерді өздеріне серік еткен бақытты балалар мекеніне қош келдіңіздер

Музыка Классическая музыка

 

Перизат:Керемет, мынау қандай жер, мен мұнда қайдан тап болдым екен.  Сәлеметсіңдер ме балалар. Бұл қай мекен?

 

1-жүрг: Тамаша Перизат,Бұл өнерлілер мен білімділер мекені.

Перизат:тамаша мен сендер сияқты өнерлі де, талантты балаларды іздеп жүр едім.

2-жүрг: Біздің балалар бойларына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, түрлі өнерді, түрлі тілдерді меңгеріп келеді. Өзіңіз де тамашалап көріңіз. Айгөлек бишілері сонау Алматының төрінде өнерлерімен талай адамды тәнті еткен өнер жұлдыздары.Сенбесеңіз көріңіз. Айгөлек бишілерінің орындауында  «Атшабыс»биі. Қабыл алыңыздар

«Атшабыс»биі

Перизат: Достар өнерлерің қандай тамаша.Маған қатты ұнады.Ал мына келе жатқан баланың қандай өнері бар екен,сұрап көрелік!

Құмырсқан әні

1-жүрг:

Жалқаубек:

Ертең, ертең деп,

Жүрем дәйім селтеңдеп.

Оқу оқып не керек,

Қыдырған неткен керемет.

Күнде кітап оқысам,

Ғалым болып кетермін.

Күнделікті  жуынсам ,

Балық болып кетермін.

Перизат: Сен кімсің?Ақылдылар мен өнерлілер мекенінде қайдан адасып жүрсің?

Жалқаубек: Мен  Жалқаубекпін. Негізінде менің есімім Ақылбек болатын, біраз айлардан бері мойныма мінген жалқаулықтан арыла алмай, Жалқаубек атандым.

Перизат: Жалқаулықтан арылғың келмей ме?

Жалқаубек: Әрине арылғым келеді.Мен  биге де бардым, домбыра да үйренгім келген, бірақ күнде күнде дыңғырлатқаннан әдемі  әуен шығара алмадым.

Перизат:Е Жалқаубек, саған шыдамдылық пен табандылық жетпеген екен. Өзің қарашы бұл екі қасиет керемет нәтиже береді.Өзіңмен бірге домбыраны үйренген оқушылардың өнерін тамашалайық

ФОН Балдәрен

Домбырашылар күйі

МузыкаФОН

 

1-жүрг:Сүйікімді перизат, Сіз жақсылық жасауды, қамқорлыққа бөлеуді біздің елді мекен ететін адамдары ғана емес, аңдары да  . Олар бір-бірінен жақсылығын аямаған, ізгі істерді, мадақтап аялаған.

 

Музыка Маленькая страна

Қойылым 2 сынып Ән Дос болайық бәріміз

 

2-жүрг: Дарынсың, бәрін дарасың,                                                                                                                       

               Намысты болсаңжанасың.

    Білімді жисаң бойыңа, 

    Сен де ертеңгі данасың.

Біздің  оқушылар тек қазақтілінде ғана емес,көптілді тұлға болып қалыптасуды да көздеген білімді жастар.

1-жүрг:Бірнеше жыл қатарынан орыс тілімен қатар ағылшын,қытай тілдерін меңгеруде. Шет елдің тілімен қоса мәдениетін де қатар меңгеріп жүрген өнерлі оқушыларымызды сахнаға шақырамын.

Перизат:

Қытай тілінде ән.

Корей биі

Ағылшын тілінде қойылым

1-жүрг:Жақсылықтан үйреніп,
              Боламыз біз жақсы адам.
             Жамандықтан жиреніп,
             Үлгі аламыз жақсыдан.

Перизат: Қандай тамаша ,өнерлі балалар, сендер мейірімділік пен жақсылық жолында адамгершілікті ту ғып ұстап, жарқын болашаққа бет алдыңдар.

 

2-жүрг:дұрыс айтасын, қымбатты Перизат, бізді жақсылыққа, адамгершілік пен шығармашылыққа жетелейтін ұстаздарымыз бар.Солардың  еңбегі мен кеңесі бізге жарқын жол сілтейді.

 

1-жүрг: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
               Көңілді күндер тусын алдан әлі
               Ән-шашу ,әсем бимен, түрлі өнер,
               Сіздерді әрқашан да қуантады

 

Андижан полькасы

 

Перизат: Сіздермен қоштаса отырып;

               Өмірді таны- өнер қу, Өнер табу -ол да оқу.

               Талаптансаң -тартынба,Өз қолыңда -жол табу.

               Өнер сүйсең -жиренбе, Дамыта бер, үйрен де.

               Өнер алды -кең деп біл, Қалсын үлгі кейінге, дегім келеді

 

 

 

Жалқаубек: Мен енді түсіндім. Барлық жетістіктің кілті еңбек пен табандылықта

               Еңбек етсем, ертеңгі

             Бақытыма сенемін!

             Мақсатыма жеткізер

             Уақытыма сенемін!

 

 

 1-жүрг:   Достық іспен қасты да

                 Жеңеріме сенемін!

                Ақыл сана білім мен

                Өнеріме сенемін!

2-жүрг:  Арым таза, ақ көңіл,

               Адалдыққа сенемін!

               Абыройлы ақ ниет

             Адамдыққа сенемін

«Достарым менің» әні Әлімжанов Әлібек

2-жүрг: Балалар мекен еткен барлық жерде  әрқашан  өнерлі,ақылды,дарынды балар көп   болып, ортасын қуанта берсін. Келесі кездескенше сау болыңыздар.

     Музыка Бақытты балалық