Балалық шақ-ең қызықты, әрі шаттыққа толы кезең. Әр баланың өмірін күлкі мен мейірімге, шығармашылық пен қызыққа толтыру, әсіресе жазғы каникул кезінде өте маңызды. Сондықтан гимназияда «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері ұйымдастырылып, күнделікті қызықты шараларға толы мерекелер өткізілді. Балалар тек мектепте ғана емес, қалалық деңгейде өткен түрлі сайыстар мен байқауларға белсенділікпен қатысты. Сондай мерекелердің бірі 23 маусым балалар өнер мектебінің ұйымдастырумен өткен «Сәлем әлем, сәлем дос!» фестивалі. Фестиваль ҚР халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы және ҰОС жеңістің 70 жылдығына арналды. Оқушылардың өнері мен шығармашылығынан қойылған концерт барысында «Айгөлек» би ансамбілі қазақ батырларының аңшылығына арналған «Еліктер» биін, халықтар достығын дәріптейтін «Серпін» және «Андижан полькасын» асқан шеберлікпен орындады. Ғасырдан ғасырға мұра болып келе жатқан домбыра аспабында 5 сынып оқушысы Дәулетбеков Дәурен «Ерке сылқым күйін орындаса, 4 сынып оқушысы Қаршыға Аружан «Ризамын» әнімен барлық қатысушылардың бойында ұлтжандылық пен еліне деген сүйіспеншілікті оята білді. 25 маусым қалалық Рәміздер алаңында, үздіктердің қатысуымен өткен Гала концертте гимназия оқушылары жүлделі І орынды иеленді. Жеңімпаздарымызды қала әкімінің орынбасары С.Гладышева мақтау қағазымен марапаттады. Бұл фестиваль әр баланың жұлдызының жанып, бойындағы өнерін шыңдауға, дүниетанымын кеңейтіп, уақытын қызықты өткізуге жол ашты.
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Гүлбану Бакирбекова