Жыл сайын 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акция өткізіледі.
Ағымдағы жылы бұл акция «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен өткізіліп отыр.
Акция мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін көмек көрсету болып табылады. Гимназияда барлығы 14 азқамтамасыз етілген және көпбалалы отбасы балаларына жеке кәсіпкерлердің көмегімен 16900 тг-ге көмек көрсетілсе, білім беру қоры арқылы 24200 тг-ге мектеп формасы алынды. Сондай-ақ 1- сыныпқа келетін оқушылар мен олардың ата-аналарына оқулықтар мен білім ордасының ішкі ережесі, күн тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. Акция барысында жеке кәсіпкерлерді демеушілікке тарту, отбасылардың әлеуметтік жағдайын зерттеу, оқушыларды білім берумен қамту жұмысы жалғастырылады.
ДТжО: Г.Бакирбекова