Бірінші қыркүйек – Білім күні! Бұл күн оқушылар мен ата-аналардың, өз мектебін сүйетін және ұмытпаған барлық адамдардың дәстүрлі мерекесі.
1 қыркүйек әсіресе мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттаған, жаңа өмірге қадам жасаған бірінші сынып оқушылары үшін қуанышты күн! Сонымен қатар Тәуелсіз еліміздің Ата-заңы - ҚР Конституциясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекелерін де ұлан байтақ еліміз ыстық ықыласпен, асқан ұйымшылдықпен атап өтуде. Бұл күні барлық сыныптарда «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында Бірыңғай білім сабағы өткізілді. Әсіресе 1-сыныпқа келген оқушыларға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың атынан алған сыйлықтары көп қуаныш сыйлады. Кітаптың ішінен ҚР Президенті, елі, жері, рәміздері туралы көп қызықты ақпараттармен танысты. 5-7 сыныптарда «Қазақ халқының ерлік істері» тақырыбына Ерлік сабақтары, 8-11 сыныптарда «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбына бейбітшілік және келісім сабақтары өткізілді. Ата-аналарға гимназия, оқушылар жетістіктері, ҚР рәміздері туралы шағын фильмдер көрсетілді. Білім күніоқушылар бойында қазақстандық патриотизмді дамыту, Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктерін насихаттау мақсатын толық іске асырды.