Денсаулық апталығы - 2015
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін республикалық Денсаулық апталығы осы оқу жылы да жалғасын тапты. Биыл апталық «Менің байлығым - менің денсаулығым» ұранымен өтуде. Гимназияда 2-7 қыркүйек аралығында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында түрлі шаралар жоспарланды. 2 қыркүйек апталық салтанатты түрде ашылып, оқушыларды гимназия директоры М.Касенова, СӨС координаторы Д.Дембельбаева құттықтап, бірлескен қызықты сайыстар өткізілді. Саптүзеу көңілді флешмобпен аяқталды. Апта бойы түрлі сайыстар, ата-аналармен отбасылық байқау, суреттер байқауы, ұлттық ойындар өткізіледі.