«Зерде» атты интеллектуалдық сайыс
21 қыркүйек күні тілдер күні мерекесіне орай 2 сыныптар арасында «Зерде» интеллектуалды сайысы өтті. Бағдарламаға 5 оқушыдан құралған 2 топ «Ойшылдар» және «Тапқырлар» қатысты. Топ басшылары қатысушыларды таныстырып, ұрандарын айтты. Ойын 5 кезеңнен тұрды: 1-кезең «Ширату», 2-кезең «Теңге алу», 3-кезең «Кім жылдам?» , 4-кезең «Тапқыр болсаң, талас жоқ», 5-кезең «Жұмбақ жарыс». Топтар әр кезеңнің қортындысы бойынша ұпай жинады. Бесінші айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанды. 79 ұпаймен жеңіске «Тапқырлар» тобы жетті. Сайысқа жауапты болған бастауыш сынып мұғалімі Нахметова Асель Назымбековна.