Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
«Тілдер айлығы» аясында өткізілген бастауыш сыныптар арасындағы іс-шаралар
25-09-2015 09:56
«Тілдер айлығы» аясында өткізілген бастауыш сыныптар арасындағы іс-шаралар

Қыркүйек айы бойы гимназияда  «Тілдер айлығы» өтуде. Осы айлыққа бастауыш сынып оқушылары да белсене қатысты. Атап айтсақ, 1- 4 сыныптар арасында «Тілім менің-тірегім» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Бұл сайыста 1 сынып оқушысы  Жумабаев Абзал 1 орынды иеленсе, 2 орынды 2 сынып оқушысы Орынбаева Дамира марапатталды, 3-4 сыныптар арасында 1 орынды Ералиева Ақбота, 2 орын Бакибаева Айжан, 3 орын 3 сынып оқушысы Каиыржанова Аида марапатталды.

2 сыныптар арасында «Зерде» интеллектуалдық сайысы ұйымдастырылып, жеңіске 2 «а» сынып «Тапқырлар» тобы 1 орынға иеленсе, 2 «ә» сынып «Ойшылдар » тобы 2 орынды иеленді.

3-4 сыныптар арасында «Елім менің» танымдық сайыс ұйымдастырылып, топтар арасынан ең мықтыларын анықтап, марапатталды. 1 орынға 4 «а» сыныбы иеленсе, 2 орынға 3 сынып, 3 орынға 4 «ә» сынып орналасты.

Тілдер айлығы аясында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арнап суреттер сайысы ұйымдастырылып, оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Бастауыш сынып ӘБ