Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Гимназияда өзін-өзі басқару күні өтті
03-10-2015 12:12
Гимназияда өзін-өзі басқару күні өтті

3 қазанда гимназияда Ұстаздар күніне орай өзін-өзі басқару күні өтті. Өзін-өзі басқару күніне жауапты болған 11 сынып оқушылары.  Бұл күні 10-11 сынып оқушылары мұғалімдер мен әкімшілік  міндеттерін атқарды.  Олар  сабақ кестесін құрып, оқушыларға және мұғалімдерден құралған 12а мен 12ә сыныптарына сабақтар өткізді.  Өзін-өзі басқару күні таңертенге сап түзеуден басталды. Сап түзеуде мектеп директорының қызметін атқарған 11-сынып оқушысы  Қайыржан Санжар құттықтау сөзін сөйледі. Одан кейін оқушылар, 12а мен 12ә сынып оқушылары сабақ кестесі бойынша сабақтарына барды. Мерекелік іс-шара мерекелік концертпен жалғасты. Оқушылар мұғалімдерді тағы да кәсіби мейрамдарымен құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Ал мұғалімдер «Ең үздік оқушы», «Ең көңілді оқушы», «Ең тәртіпті оқушы» деген және т.б. номинацияларымен марапатталды. Бұл күн жоғары сынып оқушылары  үшін жеңіл болған жоқ, өйткені сабақ өткізу, сабақтарға қатысу және тағы басқа мұғалімдердің міндеттерін атқара отырып, ұстаздың еңбегінің ауырлығына көздері жетті.  Бұл күн оқушылардың да, ұстаздардың да көңілінен шықты. Осы күнді жоспардағыдай  жүзеге асыруға ат салысқан 11 сынып оқушыларына  алғысымдызды білдіреміз.