Мектепішілік олимпиада қорытындысы
Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аймақтық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында, мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 30 қыркүйек күні мектепішілік пәндік олимпиада өткізілді.
Мектепішілік пән олимпиадасы қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, математика, физика, биология, информатика, химия, география, адам.қоғам.құқық пәндерінен өтті. Мектеп бойынша 72 оқушы қатысты. 9 сынып үшін 28 оқушы, 10 сынып үшін 30 оқушы, 11 сынып үшін 14 оқушы қатысты. І орынға 9 оқушы, ІІ орынға 11 оқушы, ІІІ орынға 22 оқушы ие болды.