Қазанның 26-31 аралығында гимназияда құқық апталығы ұйымдастырылды. Апталықтың мақсаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, білімдерін тереңдету, өз көзқарастарын білдіруге және күнделікті құқығымен қолдануға, дұрыс таңдау жасау дағдысын қалыптастыруға ықпал ету. Апталық, ақпараттық стендте берілген суреттер арқылы өз құқықтарымен танысу, өзіне маңыздысын таңдаудан басталды. 5-11 сынып оқушылары өздерінің құқықтарымен таныса отырып, таңдауларын жасады. Қорытынды бойынша: білім алу құқығын 44 оқушы,өмір сүру құқығын 17 оқушы,әділ және еркін әлемде өмір сүру құқығын-11 оқушы, азаптауға тыйым салу құқығын 7 оқушы , қозғалыс бостандығы құқығын - 10 оқушы, құлдыққа тыйым салу құқығын - 8 оқушы, бостандық пен теңдікте тулу құқығын -6 оқушы, өз затына иелену құқығын - 5 оқушы, жеке өмір сүру құқығын - 10 оқушы, құқытың заңмен қорғалуын - 2 оқушы, заңсыз ұсталуға тыйым салу құқығын - 3 оқушы, заң алдындағы теңдік құқығын- 3 оқушы, құқықтың кез-келген жерде сақталуын - 1 оқушы, әлеуметтік-қамасыздандыру құқығын- оқушы, құқық пен бостандықты алудың мүмкін еместігі- 5 оқушы таңдады. Барлығы ауызша таңдауға 132 оқушы қатысты. Апталық барысында 5-7 сыныптарда «Зиянды әдеттердің қауіптілігі», «Мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау» атты танымдық тәрбие сағаттары, 9-10 сыныптардың қатысуымен «Бала құқығы-адам құқығы» дөңгелек үстелі және 7-8 сыныптар арасында «Құқық әліппесі» атты сайыс өтті. Дөңгелек үстел құқық тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тереңдету, өз көзқарастарын білдіруге және басқалардың көзқарасымен салыстыра отырып, оны жан-жақты талқылауға мүмкіндік беру мақсатын көздеді. Кездесу барысында оқушылар «құқық дегеніміз не, ол қалай қалыптасқан» деген сауалдарға жауап іздей отырып, адам құқығының қалыптасу тарихымен бейнефильм арқылы танысты. Осы фильм негізінде оқушыларға түрлі сауалдар қойылды: «Құқықты іске асыруды қалай түсінесіңдер, күнделікті құқықтарың бұзыла ма, неліктен заң бойынша құқықтарымыз бар болса да олар жер шарында бұзылып жатады, қалай әділдікке жетіп, құқығымызды талап ете аламыз т.с.с. Ал «құқық әліппесі» сайысында 7-8 сынып оқушылары бала құқығы саласындағы заңдар, өздерінің міндеттері мен құқықтары бойынша білімдерін ортаға салды. Сондай-ақ, суреттер, мультфильмдер арқылы жасырылған құқықты анықтап, оның күнделікті сақталуы, орындалуы туралы пікірлерімен бөлісті. Оқушылар келесі қанатты сөздерді талдап, өз көзқарастарын білдірді: «Заң адамды бағындырады, Заңды ақыл бағындырады», «Міндетсіз құқық жоқ, құқықсыз міндет жоқ».Екі сынып оқушылары «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында осы ойдың өзектілігі туралы пікірлерін білдірді, қажеттілігін фактілермен дәлелдеп Конвенция, заңдардан берілген баптарды қайта қалпына келтіру тапсырмасын асқан зеректікпен орындап берді. «Жасұлан» ұйымы белсенділері «Құқық – әділет пен парасат жолы» стендін жаңа, қызықты ақпараттармен күнделікті жаңартып,оқушылар арасында құқық тақырыбында танымдық-зияткерлік тапсырмалар орындатып, үздіктерін радио торап арқылы хабарлап отырды. Апталық қорытындысы шығарылып, бастуыш сыныптар арасында өткізілген «Өз құқығыңды білесің бе?» суреттер байқауының зияткерлік сайыс жеңімпаздары марапатталды
ДТжО: Г.Бакирбекова