27-29 қазан аралығында гимназияда «Мен және менің полицейім» акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты оқушыларды полиция жұмысымен таныстыру, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтауға тәрбиелеу, жол ережелерін білуге және сақтауға үйрету. Мектеп инспекторы С.Сагалиевамен біріге отырып, «Жасұлан» ұйымының белсенділері 1-4 сыныптарда «Мектеп инспекторы - қорғаушы және дос» тақырыбында танымдық сайысын, жолда жүру ережелеріне үйрету сағаттарын өткізді. Балалар шара барысында жол полициясы, жедел жәрдем, өрт сөндіру машиналарын пазл арқылы жинап, олардың адамдарға көмегімен, төтенше жағдайларда оларды шақыру телефондарымен танысты. Сондай-ақ шағын мультфильдер арқылы жол ережелерін бұзу жағдайларын анықтап, дұрыс жауаптар айтып, жолдан өту ережесін құрастырды. Барлық балаларға жол жүру ережесі туралы кітапша таратылды және жол жүру ережесі, төтенше жағдайда әрекет ету бойынша білімдері шағын тест бойынша тексеріліп, жеңімпаздар смайлдармен марапатталды. 1-4 сынып оқушылар «Мен және менің құқықтарым» тақырыбында суреттер салып өздерінің құқытары мен міндеттерін суреттер арқылы бейнеледі. Оқушы суреттері көрмеге қойылып жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
ДТжО: Г.Бакирбекова