Денің сау болған керемет
Балалар шығармашылық үйінде 30 қазан күні қалалық «Денің сау болған керемет» атты жарыс өткізілді. Бұл сайыстың мақсаты балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, белсенді өмір сүруге шақыру және оқушылардың денсаулықты нығайтуға деген құлшынысын арттыру. Гимназия намысын 5,6 сынып оқушыларынан тұратын «Қырандар» тобы қорғады. Команданы 5 сыныптың Фелькер Аделя, Бейсебаева Дана, Қаршыға Аружан, 6- сыныптың Ульбауов Алихан, Қинаят Жангир, Рахым Ерасыл атты оқушылары құрады. «Қыран» командасының белсенділігі мен ұйымшылдығының арқасында жүлделі ІІІ орынды иеленді. Балаларды жарысқа дайындаған спорт нұсқаушы Д.Сейтханов. Жеңістеріңмен шын жүректен құттықтаймыз!