Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
«АКТ педагогикалық іс-әрекетте» атты оқу-әдістемелік байқауы өтті
09-04-2013 12:29
«АКТ педагогикалық іс-әрекетте» атты оқу-әдістемелік байқауы өтті

Ақпаратты-коммуникациялық технологияның қолдану тәжірибесін көрсету мақсатында 8 сәуірде «АКТ педагогикалық іс-әрекетте» атты оқу-әдістемелік байқауы өтті. Байқау өз сабағында АКТ қолдануда мұғалімдердің біліктілігін арттыруға жағдай жасау; педагогикалық іс-әрекетте АКТ қолдану барысындағы оқу-әдістемелік құралдар базасын толықтыруды қамтамасыз ету; педагогикалық іс-әрекетте АКТ қолданатын ұстаздардың тәжірибесін жинақтауға негізделген. Байқауға 5 пән әдістемелік бірлестігі қатысты. Ұстаздарға келесі байқау талаптары ұсынылды: АКТ қолданған сабақ үлгісі, АКТ қолданған оқу–әдістемелік жинақ. Әрбір ӘБ байқауға шығармашылықпен белсендік түрде дайындалған.

АКТ қолданған бір неше сабақ  үлгілері көрсетілді: тарих пәні мұғалімі А.Т.Альдекенова «Алтын Орда» сабағындағы анимациялық материалдармен оқушыларды ізденіске бағыттаса, информатика пәні мұғалімі Э.Т. Абылғазина интербелсенді тақтаның толық мүмкіндігін қолдану жолдарын пайдалана алды, жаратылыстану ӘБ жетекшісі А.А.Жакупов  туған жердің табиғатын аялау, қорғау мақсатында география, биология,  химия пәндерімен біріктірілген сабақтың үзіндісін назарға ұсынды, орыс тілі пәні мұғалімі Б.Ш.Бекбасова «Обобщение орфограмм» тақырыбында үш тілде қолданған тренажерлік жаттығулар арқылы оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырудың мүмкіндігін ашты, бастауыш сынып мұғалімі М.Елубаева дүниетану сабағының үзіндісінде оқушылардың  қызығушылығын, дүниетанымын арттыруда тақырыптық  видеороликтердің маңызын, тиімділігін көрнекілікпен дәлелдеп берді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Е.Ғазиз АКТ қолдану мен тиімділігіне басты назар аудара отырып, ӘБ жинақ қорымен таныстырып өтті. Казіргі кезде 16 электронды оқулық, 30 бейне материал, 110 флипчарт, 140 презентация және әр сыныптар бойынша толық жинақталған тірек сызбаларын атап өтті. Шет тілдер ӘБ атынан орыс тілі пәнінің мұғалімі К.Тулеубаева тақырыптық электрондық дидактикалық материалдарды көрсетіп, интернет ресурстарының мүмкіндігін айтты. МИФ ӘБ жетекшісі З.А.Алькеева  электрондық оқулық, интернет-ресурстар, 5-9 сыныптардағы жинақталған флипчарт қорымен таныстырды. Жаратылыстану ӘБ биология пәні мұғалімі Ү.К.Муханова электронды оқулықтың тиімділігіне тоқталды. Бастауыш сынып ӘБ ұсынуымен А.Б.Амренова қазақ тілінен электрондық құралда жинақталған тапсырмаларды пайдалану жолдарын көрсетті.

Байқау ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыруға оң ықпал еткенін олардың отырыстан алған әсерлері мен ойлары арқылы білінді.  Болашақта осындай байқаулар ұстаздардың білімдерін шындауға, шығармашылығын арттыруға берері мол.