Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 114 жыл толуына байланысты «Есімі ел есінде» атты апталығы барысында 10 сәуір күні 5-7 сынып оқушыларының арасында кіші олимпиада ұйымдастырылды. Ұлттық білімді дамыту жолында қабілетті, дарынды оқушыларды айқындап іріктеу және қолдау көрсетуді, дарынды жасөспірім оқушыларының өз қабілеттерін жүзеге асыруына көмектесуді мақсаттаған олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих, математика, физика, химия, биология, география пәндері бойынша өтті. Олимпиадаға 103 оқушы қатысып, сонын ішінде 49 оқушы жүлделі орынға ие болды. "Ең үздік кіші олимпиадалық сынып" номинациясына 6 «Ә» сынып (сынып жетекшісі Ибраева Бахыт Шаймардановна) ие болды. 6 «ә» сынып оқушысы Манарбек Магрифе "Абсолютты жеңімпаз" атанды.
Мектепішілік кіші олимпиададан хабар