2015 жылдың 20 қарашасында гимназияда «Жаңаша оқыту- табыс көзі» атты облыстық семинар өтті. Семинар барысында 6а сыныбында «Жапырақ» тақырыбында биология пәнінің мұғалімі жас маман Жахав Б.Т. және 8 сыныпта «Жылу құбылыстары» тақырыбында физика мұғалімі «Үздік педагог-2014» иегері Қабылбекова А.С. ағылшын тілінде сабақтар өткізді. 45 минутта өткізген бұл пәндер барысында оқушылар ағылшын тілінде еркін сөйлей алатындығын дәлелдеді. 10 сынып оқушыларымен «1918-1945 ж. аралығындағы Германия» тақырыбында мұғалім Альдекенова А.Т. дүние жүзі тарихынан орыс тілінде сабақ өткізді. Тәрбие жөніндегі орынбасары Бакырбекова Г.А., орыс тілі пәнінің мұғалімі Тулеубаева К.Б., қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шапауова Ә.С. мен ағылшын тілі мұғалімі Сыздыкова М.К. ұйымдастыруымен қазақ, орыс және ағылшын тілінде дайындалған «Өлеңім-өмірімнің айнасы» атты М. Шахановқа арналған әдеби кеш және биология пәні мұғалімі У.К.Муханованың басшылығымен «Дарынды және талантты балаларға жағдай жасау: мүмкіндіктер ауқымын кеңейту» тақырыбында коучинг өткізілді. Семинар соңында гимназия диркторы М.А. Касенованың ұйымдастыруымен семинарға қатысушыларға дөңгелек стол өткізілді. Бұл өткізілген сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар әр бір мектепке үлгі болды, семинарға қатысқан ұстаздар да көңілдеріне керекті ойлар түйді.
«Жаңаша оқыту - табыс көзі» атты облыстық семинар