Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
«Құқығым бар» 7-8 сыныптар арасында өтетін ойын сайыстың әзірлемесі
14-02-2013 07:27
«Құқығым бар» 7-8 сыныптар арасында өтетін ойын сайыстың әзірлемесі

«Құқығым бар» сайыс-ойыны 7-8 сыныптар арасында өтетін ойын сайыстың әзірлемесі

Дайындаған: Гүлбану Абусыздыққызы  Бакирбекова

 

Мақсаты:

1.Оқушылардың құқықтық мәдениеттілігін көтеру.

2.Өз құқығын білуге деген қызығушылығын арттыру

3. Заңдарды сыйлап,өз құқығын қорғауға тәрбиелеу

 

Қолданылатын көрнекіліктер:ҚР Конституциясы, Бала құқықтары туралы Конвенция, интербелсенді тақта арқылы слайдтар,ертегілер, жағдаяттар т.б.

 

Жүргізуші:  Сәлеметсіздер ме ойынға қатысушылар,көрермендер,әділ-қазылар.Бүгін біз «Құқығым бар» атты сайыс ойынын өткізуге жиналдық. Ойын сендердің құқықтық мәдениеттеліктеріңді арттырып,өз құқықтарыңды жетік білуге көмектеседі деген сенімдемін. Сонымен ойынға 3 команда қатысады. Командалар өздерін таныстырып өтсін

1-топ  Аламан

2-топ   Жігер

3-топ  Болашақ

 

Әділ қазылар: құқық пәнінің мұғалімі Сатыбалдинов Е.А, «Болашақ ұйымының президенті Бакасов Алмас, құқық пәнінен қалалық олимпиада жеңімпазы Муканов Диар

Ойынымыз 4 турдан тұрады

  • Іріктеу
  • Сен білесің бе?
  • Жалғасын тап
  • Сөз шебері
  •  

І. «Іріктеу» турында әр топ 10 сұраққа жауап бере отырып,өзіне ұпай жинайды. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

 

1.ҚР Конституциясы қашан қабылданды?

2.Еліміздегі билік бастауы кім?

3.»Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі» Коституцияның нешінші бабы?

4.Заң мен сот алдында қандай азаматтардың құқықтары шектеледі?

5.Заң шығарушы орган

6.ҚР азаматтарының қай дінге жататынын анықтайтын өкілеттілік кімге берілген?

7.Балаларды тәрбиелеу,қамқорлық жасау міндеті кімге жүктеледі?

8. Заң бойынша неше жастан қылмыстық жауапкершілікке тартылады?

9. Азаматтық құқық қабілеті қашан басталып,қашан аяқталады?

10.Еліміздің басты құжаты

 

ІІ тур:«Сен білесің бе?» деп аталады.Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі

Ең алдымен баланың қандай құқықтары бар екенін анықтап алайық.

Слайдтағы суреттер бойынша әр топ баланың қандай құқығы туралы айтылып тұрғанын анықтайды

1-слайд

Бұл турда  Ертегілер еліне саяхат жасай отырып, Бала құқытары туралы Конвенцияның баптарымен таныстыру үшін саяхат айналымын өткізбекпіз.Балалар, Конвенцияда қаралған құқықтарың жөнінде біршама түсініктерің болуы керек. Енді мен сендерге өздерің білетін ертегілерден үзінді оқимын, сендер Конвенцияда қандай құқығымыз туралы айтылғандығы жөнінде түсінік бересіңдер.

Бар екен де жоқ екен

Ерте, ерте, ерте екен

Ешкілері бөрте екен

Қырғауылы қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен

1.«Алтын сақа» ертегісінде сақасын алуға келген баланы жалмауыз кемпір ұстап алып, баланың өміріне қауіп төндіреді, өлтірмекші болады. Бұл туралы Конвенцияда  қандай құқық көрсетілген? Баланың құқығы бұзылды ма? (Ия, 37 бап азаптау жәнек бас бостандығынан айыру)

2.«Керқұла атты Кендебай» ертегісінде Кендебай ата-анасынан айырып алған Мергенбай батырдың баласына болысып, Мергенбай батырды, қолға түскен басқа да адамдарын зынданнан шығарады, бұл жерде қандай құқығымызды көрсетесіңдер? Бала құқығы бұзылды ма? (Ия, Конституцияның 18 бабы,Конвенцияның)

3. «Тазша бала» ертегісінде хан жарлығы бойынша жетім өскен Тазша бала тапқырлығымен қырық «өтірік әңгіме» айтып, өлең құрастырып халқын, ханын риза қылды. Бұл жерде қандай құқық туралы айтасыңдар?  Бала құқығы бұзылды ма? (Жоқ, 20 бап,Конвенция 13 бап)

4.«Ұр-тоқпақ» ертегісінде кедей шал Қазбайға жасаған жақсылығы үшін алған «Піс, қазанын»,  «Құс, есегін» Ұр тоқпақтың көмегімен қайтарып алады. Бұл жерде қандай құқық туралы айтасыңдар?  Бала құқығы бұзылды ма? (Ия, Конституция17 бап, Конвенция 2 бап)

ІІІ тур «Жалғасын тап»деп аталады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

Әр топқа берілген сөйлемді аяқтау қажет.

Аламан,Жігер, Болашақ топтарына қағазда жазылған  келесі сұрақтар жеке-жеке беріледі.Орындау уақыты 2-3 минут

-ҚР азаматы ......жасқа толғанда сайлау құқығына ие болады

-Қазақстан республикасы...................,...........................,.................... мемлекет

-Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - ...............

- Баланың ........ жастан еңбек етуге құқығы бар.

-Көлік жүргізу куәлігі ... жастан бастап беріледі.

-Құқыққорғау органдары  кәмелетке толмаған баланы тінту кезінде міндетті түрде баланың қасында.......................болу керек.

-Жеке өзін қорғауға арналған құралдарды (газ балоны,травматикалық пистолет) тек ..........жастан бастап қолдануға болады

 

ІV-тур«Сөз шебері» деп аталады. Бұл турда сендер түсініктер бойынша жасырылған сөзді тауып, анықтамасын бересіңдер.Әр топқа 2 сөзден беріледі

•         Двакато-азаматтар мен ұйымдарға заң мәселелері бойынша консультациялар мен түсініктемелер, заңдар жөнінде  анықтама береді.

•         Иваз- әр мемлекеттің аймағына кіруге және шығуға немесе өтуге берілетін рұқсат.

•         Инзцялеи-мемлекет құзырлы органның экспорттық не импорттық тауарларды әкелуге немесе әкетуге, сондай- ақ патентке өнертапқыштыққа тауар белгісін пайдалануға беретін арнайы рұқсатнама.

•         Енцрауз-бұқаралық ақпарат құралдарының және оларда жарияланатын кейбір материалды немесе мәліметтермен деректі шектеу не тыйым салу.

•         Цакия- бағалы қағаз.

•         Аңзегр-арнайы заң оқу- орындарының құқықтану немесе заңтану саласын бітірген маман.

 

                  Дұрыс жауаптары:

•         Двакато- адвокат

•         Иваз- виза

•         Инзцялеи- лицензия

•         Енцурауз- цензура

•         Цакия- акция

•         Азңегр-заңгер

 

       Ойын соңында әділ-қазылар қорытындыны шағырғанша әр топ   келесі тақырыптар бойынша өз ой-пікірлерімен бөліседі:      

 

•         Ішімдік ішу- ұлт болашағына зиян.

•         Менің өз құқықтарым мен жауапкершілігімнің қайсысын көбірек білуім керек?

•         Өз құқығымды білу өмірде қалай көмектеседі?

Жүргізуші: Сонымен ойынымыз аяқталды.  Жеңімпаздарды марапаттау,ойын қорытындысын шығару үшін әділ-қазыларға сөз беріледі.