Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1208
Нәтижені көру
«Жас Ұлан» клубы тынысы
08-12-2015 11:38
«Жас Ұлан» клубы тынысы

4 қараша күні Тәуелсіздік күні қарсаңында гимназияның «ЖасҰлан» патриоттық клубы мүшелері арасында «Тәуелсіз ел ұландары» атты сайыс-байқауы өтті. Клуб жетекшісі Джамалбаев Мейрам Сағатұлы  оқушыларға  Отан алдындағы борыш, ел тәуелсіздігін сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндіре келе, бүгінгі күнге дейін үйреніп меңгергендерін  ортаға салуға шақырды. Сайыс барысында оқушылар АК автоматын жартылай бөлшектеп жинау, нысанаға оқ ату, әскери  командаларды бұлжытпай орындау, турникте тартылу, әскери шендерді  атау сияқты сындардан өтті. Сайыс соңында  сыннан сүрінбей өткен клуб мүшелеріне алғыс хаттар табыс етілді.