
Тәуелсіздік күні қарсаңында әрқайсысымыз бір жылғы еңбегіміз бен жеткен жетістіктерімізді саралап, өткенге көз жүгіртетін әдетіміз. Осындай ауыз толтырып, мақтанышпен айтатын жетістік деп, Ақсу қаласы гимназиясының «Айгөлек» бишілерінің жеңісін айтуға болады. Бірнеше жылдар қатарынан облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып жүрген кішкентай бүлдіршіндеріміз, 5-қарашада Павлодар қаласында өткен Республикалық «Би бала» байқауында Гран-Приді ұтып алып, өздерінің жоғары кәсіби деңгейін тағы бір дәлелдеді. Әрине бұл шығармашыл, әрі еңбекқор жетекші Зембаева Динара Негматулловнаның тынымсыз еңбегінің жемісі. Тәуелсіз еліміздің ұландары «Айгөлек» бишілеріне сәттілік тілей отырып, өнердің биік шыңынан көріне беріңдер демекпіз.
Директордың орынбасары: Гүлбану Бакирбекова