
11 желтоқсан күні гимназияда мектепішілік пікірсайыс өтті. Жаяу Мұса атындағы колледж студенттері: Бахтияр Нұртас, Магауов Жаңылбек, Гибратова Жанерке және 11-сынып оқушылары Қайыржан Санжар, Искакова Мадина қатысып, ойынға төрешілік етті. Көрермендер жоғарғы сынып оқушылары және колледж студенттері болды. 8-9 сынып оқушыларынан құрылған «Ақиқат» тобы мен «Жасөркен» топтары арасында болған пікірсайыстың қарары: «Қазақстанда өлім жазасын қолдану қажет пе?» деп аталды. Пікірсайысымыз еліміздің тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында ұйымдастырылды. Тәуелсіздігіміз мызғымас, берік болуы үшін еліміздің ішкі сыртқы саясаты, экономикасы, сонымен қатар құқықтық жүйесі де берік болуы керек. Бүгінгі таңда барлығымызға да жаңалық емес еліміздегі ең өзекті мәселелердің бірі - ол қылмыстың санының өсуі, қылмыстың түрлерінің артуы болып отыр. Осы мәселемен күресу үшін не істеуіміз керек? деген сұрақ отанымыздың әрбір азаматын ойлануы тиіс. Пікірсайысқа қатысқан оқушылар да студенттер де осы тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды, өз пікірлерін дәлелдеуге тырысты. Пікірсайыстың көрермендері де осы тақырып бойынша ортаға шығып өз пікірлерін айтып, белсенділік танытты. Пікірсайыстың жеңімпаз тобына, үздік спикерлерге сертификаттар берілді. Қаламыздағы Жаяу Мұса атындағы колледждің студенттерінен құрылған пікірсайыс топтарымен алдағы уақытта да байланысымыз жалғаса береді деп ойлаймыз.
Дебат үйірмесінің жетекшісі Шаймарданова Н.Т.