
Биылғы жыл ерекше дүбірлі мерейлерге толы. Атап айтқанда Қазақ хандығының 550 жылдығы да, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы және жылда ерекше аталып өтетін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
2015 жылдың 12 желтоқсан күні гимназияда Тәуелсіздік күніне орай 5-6 сыныптар арасында «Тәуелсіздік – тәңірдің берген сыйы» атты интеллектуалды-зияткерлік ойыны өткізілді.
Оқушылар интеллектуалды ойынға қызығушылық танытып, белсенді қатысты. 3 кезеңнен құрылған ойынымыздың сұрақтары танымды, әрі қызықты сауалдардан, музыкалық сұрақтардан құрастырылған. Әр кезеңде қатысушы ойыншылар ауысып отырып, нәтижесінде командалық рух, бірлік ерекше көзге түсті. Осы ойын барысында оқушылар тәуелсіздік жылдары еліміздің жеткен жетістіктері мен тұғырлы ел боп қалыптасуы жолындағы ұлы тұлғалардың елеулі еңбектерін саралап, ой елегінен өткізді. Бұл шара болашақ ұрпақты өз елінің патриоты болуға ықпал ететіні сөзсіз. Әділқазы тәрбие жұмысының орынбасары Г.А.Бакирбекова топтардың нәтижесін есептей келе, көп ұпай жинаған жеңімпаз топ 6а сынып оқушыларын мақтау қағазымен, шағын сыйлықтармен марапаттады.
Тәуелсіздік тұғыры биік болсын! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!
Аға тәлімгер Ж.Базарбаева