«Гонка за лидером» математикалық ойынының жүлдегерлері

2015 жылдың 12 қантар күні Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында облыстық мамандандырылған мектептер арасында «Гонка за лидером» математикалық ойыны өткізілді. Аталмыш шараға 7 команда қатысты. Командаларға есептеу үшін 5 категория: комбинаторика, геометрия, әртүрлі есептер, сандармен есептер, жай сандар бойынша 20 есеп ұсынылды. Біздің гимназиядан 4 оқушыдан тұратын команда қатысып, ІІ орынға ие болды. Команда құрамы: Куатов Алихан, Кабулдинова Меруерт, Болатбай Әділ, Сейтахмет Еділ. Оқушыларды дайындаған математика пәнінің мұғалімі Давлятчина Салима Васильевна. Құттықтаймыз!